Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Мемлекет басшысы Мысыр Араб Республикасының Президенті Әбдел Фаттах ас-Сисимен телефон арқылы сөйлесті

Мысыр тарапының бастамасымен ұйымдастырылған жоғары деңгейдегі сұхбат барысында Мемлекеттер басшылары екіжақты қатынастардың қазіргі жағдайы мен перспективаларын талқылады, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ-мысыр байланыстарының тамыры терең болғанымен, екі ел арасындағы қазіргі дипломатиялық қатынастардың орнағанына биыл 30 жыл ғана толғанын атап өтті. Осы мерзім ішінде екіжақты ынтымақтастықтың әртүрлі саласы бойынша бірқатар жетістікке қол жеткізілді. Дегенмен, бүгінгі таңда екі елдің бұл бағыттағы әлеуеті толық пайдаланылмай отырғанына назар аударған Қазақстан Президенті мысыр тарапын сауда-экономика саласындағы ықпалдастықты дамытуға шақырды.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы қаңтар оқиғасына қатысты алаңдаушылық танытып, ниеттестік білдіргені үшін Әбдел Фаттах ас-Сиси мен мысыр халқына алғысын жеткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі жағдайдың тұрақталғанын атап өтіп, әлеуметтік-экономикалық қайта құрудың жаңа стратегиясын жүзеге асыру шаралары қабылданғанына тоқталды. Мемлекет басшысы Қазақстан халқының болашаққа нық сеніммен қарайтынын жеткізді.

Сұхбат соңында Мемлекет басшысы Мысыр Президентін Қазақстанға өзіне қолайлы мерзімде сапармен келуге шақырды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді