Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

“Мойнымнан соқты темірмен”: алматылық полицей “қаңтар қырғынындағы” жағдаймен бөлісті

Қаңтар айының басында Алматыда орын алған жаппай тәртіпсіздік кезінде көптеген полиция қызметкерлері мен әскери қызметшілердің ауыр жарақаттар алып, кейбірінің қаза тапқаны баршаға белгілі. Дәл сол күндері қоғам қауіпсіздігі үшін қызмет етуге шыққандардың бірі – Ғазиз Нұрғалымов. Ол – Алматы қаласы Әуезов аудандық Полиция басқармасының учаскелік полиция инспекторы. Ішкі істер органдарында 2014 жылдан бері жұмыс істейді.

Тәртіпсіздік кезінде топтың тепкісінің астында қалған полиция аға лейтенанты бүгінде қалалық ауруханалардың бірінде ем алуда. Мойынан темірмен соққы алған инспектор Polisia.kz сайтына берген сұхбатында оқиғаның мән-жайын толықтай баяндап берді.

Бала кезден полицей болуды армандаған Ғазиз әрдайым азаматтардың қауіпсіздігі үшін қызмет етуге дайын.

“Аман-есен ауруханадан шықсам, жұмысымды жалғастырамын”, – дейді ол.

Қаңтар айының басында орын алған мемлекеттік төңкерісті болдырмау кезінде жалпы 3037 полиция қызметкері мен Ұлттық ұланның әскери қызметшісі түрлі жарақат алды. Қазіргі таңда 107 қызметкер әртүрлі ауыр жарақаттарымен ем алуда.

Тәртіпсіздік салдарынан Ішкі істер органдарының 8 қызметкері қаза болды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты