Дс, 05 мамыр 2025
Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Бүгін – Тұңғыш Президент күні

Бүгін – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Айтулы дата осыдан 10 жыл бұрын, нақты айтсақ, 2011 жылдың 10 желтоқсанында ҚР Парламенті Сенаты депутаттарының бастамасымен бекітілген болатын. «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» ҚР Заңына толықтыру енгізіліп, 1 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні деп белгіленді.
1991 жылдың 1 желтоқсанында Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіз қазақ елінің тұңғыш Президенті ретінде қызметке кірісті. Аталмыш мерекенің 1 желтоқсан сайын тойлануында осындай мән бар.
КСРО ыдыраған тұста тәуелсіздігін жариялаған Қазақстанның тұңғыш Президенті болғаны ескеріліп, сол тұста қолға алынып, жүзеге асқан түрлі бастамалар мен реформалар, мемлекет құру жолында жасалауы тиіс стандартты шаралардың бәрі Елбасы есімімен бірге аталып жүр.
Араға ғасырлар салып, мемлекеттілігін қайтарған қазақ елінің алғашқы басшысы болғанына орай, тұңғыш Президент ерекше құқыққа ие тұлға болып саналады. Оның тәуелсіздіктің елең-алаң шағында атқарған қызметі заңнамалық тұрғыдан жоғары бағасын алған. «Тұңғыш Президент», «Елбасы», «Ұлт көшбасшысы» деген ресми мәртебелері бар.
Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан тарихындағы орны туралы қалам тербейтін кейбір тарихшылар мен саясаттанушылар елдегі ең сүйекті жобалар мен елеулі тарихи оқиғалардың бәрінің бастауында Елбасы тұрғанын жазып жүр. Атап айтсақ, ҚР Қарулы күштерінің құрылуы, шекараның делимитациясы мен демаркациясы, ұлттық валюта – теңгенің айналымға шығуы, ел астанасының Алматыдан Ақмолаға ауыстырылуы, Семей ядролық сынақ полигонының жабылуы, ұлттық алтын-валюта қорының құрылуы, Конституцияның бірнеше рет жетілдірілуі, Еуразиялық жэономикалық одақтың құрылуы және оған Қазақстанның мүше ретінде кіруі сияқты оқиғаларды Елбасының еңбегі ретінде бағалау үрдісі бар.
Қазақстанның даму бағытын айқындап отырған «Қазақстан-2050» стратегиясы да Елбасының бастамасымен қабылданған.
2019 жылдың 19 наурызында Нұрсұлтан Назарбаев өзінің Президенттік өкілетін қазіргі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа табыстады. Осы оқиғаның аясында Астананың атауы Тұңғыш Президенттің атына Нұр-Сұлтан болып ауыстырылды.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті