Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жапонияда Pfizer вакцинасының тиімділігі 85-96% деп бағаланды

Киото университетінің мамандары Pfizer вакцинасының тиімділігі 85-96% деп бағалады. Бұл туралы ҚазАқпарат Жапонияның NHK телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Киото университетінің бір топ зерттеушісі жазда зерттеу жүргізіп, коронавирус жұқтырған 10 мыңнан астам адамның мәліметін талдап шыққан. Инфекцияға шалдыққандардың көп бөлігі вакцина алмаған болып шықты, бұл жапондық мамандарға препараттың тиімділігін зерттеуге жақсы мүмкіндік берді. Зерттеу барысында Pfizer вакцинасын салдыртқан 20-60 жас аралығындағы ер адамдар арасында оның тиімділігі 89,6-93,4%, ал 60 жастан асқан ер адамдар арасында - 94,7-96,9% деңгейінде болды. 20-60 жас аралығындағы әйел адамдар арасында препарат тиімділігі 85,4%-91,8%, ал 60 жастан асқандар арасында – 92,6-96,1% болған. Жапон ғалымдары зерттеудің елде «дельта» штамының кеңінен таралуы кезінде жүргізілгенін атап өтіп, вакцинаның бұл жұқпалы нұсқаға қарсы тиімділігі өте жоғары, деп отыр. Қазіргі кезде Жапония тұрғындарының кем дегенде 50 пайызы коронавирусқа қарсы вакцинаның екі түрлі препаратын салдыртқан. Жапонияда британдық-швециялық AstraZeneca вакцинасы және Америка мен Германияның Pfizer және BioNTech компаниялары консорциумының, сондай-ақ американдық Moderna компаниясының вакциналары қолданылуда.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты