Дс, 05 мамыр 2025
Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Атырауда жалдамалы пәтерде жезөкшелікпен айналысқан 6 әйел анықталды

Атырауда жалдамалы пәтерде жезөкшелікпен айналысқан алты әйел анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Республика көлемінде жүріп жатқан “Учаске” жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде учаскелік полиция инспекторлары Авангард ықшам ауданында орналасқан көпқабатты үйлердің жалдамалы пәтерлерінен жеңіл жүрісті алты әйелді анықтады.

Аталған әйелдер Шымкент, Қарағанды, Қызылорда, Алматы қалаларынан келгендігі және өздері жалдап тұрып жатқан пәтерде тіркеусіз тұрып жатқандықтары белгілі болды.

Олардың барлығы ҚР ӘҚБтК-нің 492-бабымен (Қазақстан Республикасы азаматтарының күнтізбелік он күннен бір айға дейінгі мерзімде жеке куәлiксiз немесе жарамсыз жеке куәлікпен не тұрғылықты жері бойынша, уақытша болатын (тұратын) жері бойынша тiркеусіз тұруы) және ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабымен (Қоғамдық орындарда заттарды өзгеше тәсілмен сатып алу, сату, айырбастау немесе иемдену мақсатында кәсіпкерлік субъектісі болып табылмайтын адам жасаған, сондай-ақ бал ашу, қайыршылық, сексуалдық сипатта қызметтер көрсету не өзге де қызметтер көрсетуді күштеп таңу мақсатында тиісу, яғни мазалап өтініш білдіру) әкімшілік жауапкершіліктерге тартылды.

Сондай-ақ пәтерді жалға беру дерегінің заңдылығын тексеру мақсатында мәліметтер Атырау қаласының Мемлекеттік кірістер басқармасына жолданатын болады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді