Сн, 03 мамыр 2025
Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Түркістан облысының полицейлері көлік ішінен есірткі тапты

Түркістан облысының полицейлері көлік төсенішінің астынан есірткі тапты, деп хабарлайды Polisia.kz.

Ордабасы АПБ ЖПҚ патрульдік полиция тобының инспекторы Ержігіт Қонарбаев күнделікті патрульдеу қызметінде жүріп, Темірлан ауылындағы көшелердің бірінде көлігін дұрыс жүргізбей келе жатқан “Нива” жүргізушісін тоқтатады. Содан жүргізушінің есірткілік масаң күйде екендігіне күмәнданып, Ордабасы АПБ-ның кезекші бөліміне дереу хабар береді.  Оқиға орнына бірден жеткен жедел-тергеу тобы жүргізушінің құжаттарын тексеру кезінде, автокөліктің ішкі бөлігінде алдыңғы екі орындықтың ортасындағы төсеніш астына қағазға оралып жасырылған зат тауып алады. Оны ашып қарағанда жасыл түсті, айрықша хош иісі бар есірткіге ұқсас өсімдік екені белгілі болды. Полицейлер алынған заттай дәлелдемені сараптамаға жіберді. Ал жүргізуші Ордабасы АПБ-ға жеткізілді.

Аталған жайт СДТБТ-ға ҚР ҚК-нің 296-бабымен (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) тіркелді. Қорытындыға сәйкес, тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 1 грамға жуық кептірілген марихуана болып шықты. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктінің бас шарасы “қолхатта”, көлігі айыптұрақта. Болған жайттың барлығы патрульдік полиция қызметкерлерінің бейнежетонына түсірілген.
Түркістан облысының полицейлері азаматтарға есірткі заттарының заңсыз айналымына байланысты қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді. Егер сізде осындай құқық бұзушылықтар туралы қандай да бір ақпарат болса, тез арада полицияның “102” нөміріне хабарласыңыз.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті