Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ақтөбеде мектеп автобустары жаңа оқу жылына қаншалықты дайын

Ақтөбе қаласында бірнеше мектептің оқушысы тасымалданады. Бүгін облыстық Полиция департаменті автобустардың техникалық жарамдылығын тексерді, деп хабарлайды Polisia.kz ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Ақтөбе облысы бойынша оқушыларды тасымалдауға арналған барлығы 43 автобус бар. Оның 18-і биыл жаңартылуы тиіс. Сөйтіп алдағы екі жылда балаларды мектепке, мектептен үйге тасымалдайтын автобустар жаңаланады.

– Мектеп автобустары жеті талап бойынша тексерілді. Автобустың екі есігі де ашылып, “Абайла балалар” жазуы, арнайы белгісі болуы қажет. Сары түсті ескерту белгісі орнатылып, екі өрт сөндіру құрылғысын алып жүруі тиіс. Сонымен бірге екі дәрі-дәрмек қобдишасы сұралады. Мұның бәрі балалар қауіпсіздігі үшін арналған шара, – деді облыстық ПД бастығының бірінші орынбасары Қанат Әлиев.

Өңірдегі мектеп автобустарының 80 пайызы балаларды тасымалдауға дайын. Өзгесінде кішігірім техникалық қателіктер бар.

<!--more-->Полиция қызметкерлері нұсқама берді.

<!--more-->Ақтөбе қалалық білім бөлімінің хабарлауынша, қаладағы 85 мектептің 25-інде балалар тасымалданады.

11-і мектепте өз автобусы болса, өзгесі жалдамалы.

– Әрбір автобуста мектеп тәрбиешісі болады. Олар баланың қауіпсіздігіне жауапты. Алдағы уақытта жалдамалы мектеп автобустарының орнына жаңасын сатып алу сұрағы қаралады, – қалалық білім бөлімінің бас маманы Ұлжан Орынбаева.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты