Астанада Ботаникалық бақты тіке тротуар арқылы кесіп өтпек болған патрульдік көлік видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Оқиғаның видеосы желіде тез тарап кетті.
Астана Полиция департаменті мәліметінше, құқық қорғау органы заңсыз сауда дерегіне тосқауыл қою үшін Ботаникалық бақ аумағына барған.
"Жедел әрекет ету үшін учаскелік инспектор ең қысқа маршрут бойынша шақыру орнына барған. Заңнамаға сәйкес қызметтік міндетін атқару кезінде полиция қызметкерлері жағдай талап етсе, жолдың кез келген бөлігін, соның ішінде тротуарлар мен жаяу жүргіншілер жолдарын пайдалануға құқылы", - деп түсіндірді департаменттің баспасөз қызметі өкілі.