Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Б.Байбек: Ауыл әкімдерінің сайлауында 80%-тен астам дауыспен жеңіске жетуді көздеп отырмыз

Биыл Қазақстанда алғаш рет тікелей дауыс беру арқылы өтетін ауыл әкімдерінің сайлауына «Nur Otan»-нан 586 кандидат тіркелді. Бұл туралы «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек фейсбуктегі парақшасында жазды.
«Nur Otan» бұл сайлауға барынша дайындықпен келіп отыр. Қоғамдық саясат институтының әлеуметтік зерттеуіне, партияның қоғамдық қабылдау бөлмелерінің деректерін талдауға және жергілікті жерлердегі қоғамдық-саяси ахуал мониторингіне сәйкес біз сайлау округтерінің 80%-тен астамында жеңіске қол жеткізуді мақсат етіп отырмыз», - деп жазды ол.
Сайлауға «Nur Otan»-нан түсіп жатқан кандидаттардың 35%-тен астамы – жаңа тұлғалар, оның ішінде білім беру саласының өкілдері, кәсіпкерлер, фермерлер және т.б. бар. Басым бөлігі  праймериздің қатысушылары, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары. Кандидаттардың орташа жасы – 46 жас. Әйелдер – 11%, 35 жасқа дейінгі жастар – 14%.
«Nur Otan»-ның міндеті – тек сайлауда жеңіске жету ғана емес, ауылдардың дамуына жүйелі жағдай жасау, азаматтардың нақты мәселелерін шешу. Партия өз кандидаттарын ұсына отырып, бірінші буын әкімдердің ел Президенті ұсынған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында халықпен өзара әрекеттестігінің жаңа мәдениетін қалыптастыра отырып, заманауи тәсілдерді ендіруде. Ол үшін  біз өз кандидаттарымызды жаңа жағдайда жұмыс істеуге, адамдармен тікелей «қоян-қолтық» жұмыс істеуге бағыттай отырып, тиімді кері байланыс орнатуға оқытамыз. Жергілікті жерлердегі барлық кандидат пен штаб мүшелері Саяси менеджмент мектебінің базасында семинардан өтті, қажетті ұйымдық, әдістемелік және басқа қолдаумен қамтамасыз етілді», - делінген Б.Байбектің жазбасында.
Бұған қоса нұротандық кандидаттардың әрқайсысының аумақтың мүмкіндігін ескере отырып, партия қолдауымен қамтамасыз етілген нақты сайлауалды бағдарламасы тұжырымдалған. Осылайша ауыл әкімдерін тікелей сайлау басқа партиялардың да жергілікті жерлерде тұрғындармен тұрақты және тікелей жұмыс істеуін күшейтуге түрткі болады деп есептейді.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді