Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қарағанды облысында полиция тонау жасаған күдіктіні ұстады

Қарағанды облысында полиция тонау жасаған күдіктіні ұстады
Фото: polisia.kz

Қарағанды облысында полиция тонау жасаған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұқар жырау аудандық полиция басқармасына қарасты Ғ.Мұстафин кенттік полиция бөлімінің қызметкерлері ашық тонау жасады деген күдікпен 23 жастағы ауыл тұрғынын ұстады.

Күдікті Теміртау қаласында жүріп, дүкеннен заттар алып, көлігіне отырып жатқан азаматты көрген. 20 жастағы жәбірленушінің хабарлауынша, кейін ұсталған азамат сол көлікке мініп, жүргізушіні қорқытып, қалаға жақын маңдағы ауылдардың біріне жеткізуін талап еткен. Діттеген жеріне жетіп алған соң, күдікті жәбірленушінің сатып алған азық-түлігін тартып алып, ізін жасырған.

Полиция қызметкерлерімен қылмыс жасаған азамат ұсталып, одан айғақ заттар тәркіленді.
Тергеу әрекеттері кезінде полиция қызметкерлері күдіктінің алаяқтық дерегіне қатысы бар екенін анықтады. Ол аудан тұрғынының бірінен шұғыл хабарласу үшін телефонын сұрап алып, кейін оны қолды қылған. Жәбірленушіге 75 мың теңге шығын келгені белгілі болды.

Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жалғасып жатыр.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді