Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

ШҚО-да полицейлер ер адамды ажалдан арашалап қалды

ШҚО-да полицейлер ер адамды ажалдан арашалап қалды
Фото: polisia.kz

ШҚО-да полицейлер ер адамның өмірін құтқарып қалды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Түнде Алтай қаласы полиция бөлімінің “102” жедел арнасына отбасылық жанжал туралы қоңырау келіп түскен. Ол туралы патрульдік полиция взводының қызметкерлеріне “102” арнасының кезекшісі ақпарат берген.

Мекенжайға келген полицейлер Ержан Құсайынов пен Рүстем Рыспеков үйге кіре берісте мойнына оралған арқанға асылып тұрған ер адамды байқаған.

Жедел әрекет еткен Рүстем Рыспеков арқанды ілмектен шығарған кезде, ол тыныс алуын жалғастырған. Қызметкер жедел жәрдем келгенге дейін шұғыл реанимациялық әрекеттерді өз бетінше жүргізіп, жүрек тұсына қажетті массаж жасау арқылы ер адамның өмірін сақтап қалуға тырысқан.

– Серіктесімнің жедел жәрдемге қоңырау шалуын өтіндім, осы кезде өзім ер адамды жастыққа жатқызып, кеудесін уқалай бастадым. Одан әрі тұншығудың алдын алып, тілі артқа кетпеу үшін тілін саусақпен жібермей ұстап тұрдым. Алты минут өткеннен кейін ғана азаматтың пульсі пайда болды. Ол есін жиғаннан кейін, құрысулар мен құсудың алдын алу үшін ер адамды оң жақ бүйіріне жатқызып, дәрігерлердің келуін күттік, – дейді Р.Рыспеков.

Полиция қызметкерінің дағдысының арқасында ер адам аман қалды, жедел жәрдем қызметкерлері оған одан әрі медициналық көмек көрсетті.

Қала тұрғынының әйелімен ұрыс-керістен кейін осындай шарасыз қадамға барғаны белгілі болды. Қазіргі уақытта оның өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп жоқ, ерлі-зайыптылар татуласты.

Ер адам есін жиған соң, ең бірінші кезекте өмірін сақтап қалғаны үшін полиция қызметкерлеріне алғыс білдірді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады