Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

"Әкімдіктерге су тасқыны болатынын қыста ескерткенбіз" - Қазгидромет директоры

Фото: ҚР ТЖМ

Өңірлердегі әкімдіктер су тасқыны болатынын қыста ескерткен. Бұл туралы үкіметте "Қазгидромет" РМК бас директоры Данара Әлімбаева мәлім етті, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Әлімбаеваның айтуынша, бүгінде Ақтөбе облысында су тасқынының шарықтау шегі төмендеп келеді.

"Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай облыстарында су деңгейінің көтерілгені байқалады. Батыс Қазақстан облысында су деңгейі көтеріледі деп күтіледі. Трансшекаралық өзендер бойында су деңгейі көтеріледі. Қазір су деңгейі көтеріліп жатыр, жақын арада, апта аяғында, жұмадан бастап болады деп күтеміз", - деді "Қазгидромет" директоры.

Данара Әлімбаеваның айтуынша, синоптиктер су тасқыны болуы мүмкін аймақтар туралы ақпаратты қыста берген.

"Желтоқсаннан бастап су басу қаупі бар өңірлер болатынын айтып жатырмыз, бұл Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстары мен Абай облысында. Бұл аймақтарда су тасқыны қаупі жоғары болды. Бұл ақпарат жергілікті атқарушы органдарға жолданды. Оның үстіне, наурыздан бері 100-ден аса ауа райы туралы ескерту жасалды", - деді ол.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты