Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Майқайыңдағы апат: Прокурорлар кәсіпорынға рұқсат берген жергілікті органның әр актісін тексере бастады

Майқайыңдағы апат: Прокурорлар кәсіпорынға рұқсат берген жергілікті органның әр актісін тексере бастады
Фото: Павлодар облысының ТЖМ

Бұл туралы Бас прокурордың мәжіліс депутаттарына берген жауабында жазылған, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Комиссия нені анықтады?

Бас прокурордың хабарлауынша, қылмыстық іс бойынша бірқатар тергеу əрекеті (тінту, алу, сараптама, жауап алу) жүргізіліп жатыр. Олардың қорытындысы бойынша кəсіпорынның жауапты тұлғаларының, сондай-ақ уəкілетті мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының əрекеттері мен əрекетсіздігіне құқықтық баға беріледі. 

– Өз кезегінде, Павлодар облысы əкімдігі жанындағы өңірлік жедел штаб (құрамына облыстың құқық қорғау, арнаулы жəне өзге де мемлекеттік органдары кіреді) Майқайың кентінің тұрғындары үшін кəсіпорынның əсер етуінен туындауы мүмкін тəуекелдерді зерделенуде. Кəсіпорынның өнеркəсіптік алаңы 10 мыңға жуық тұрғыны бар Майқайың кентінің жанында орналасқандығы анықталды. Санитариялық-қорғау аймағына 206 жер учаскесі кіреді, оның ішінде 311 адам тұратын ғимараттарымен 103 учаске бар. Прокуратура органдары аталған учаскелер бойынша жергілікті атқарушы органның əрбір актісінің заңдылығын зерделеп жатыр, – деп жауап береді Бас прокуратура.

5 ақпаннан бастап кəсіпорынның жерасты кенішіндегі жұмысы тоқтатылған. Штаттық режимде байыту фабрикасы, автокөлік цехы, əкімшілік-тұрмыстық корпус жəне басқа да қосалқы бөлімшелер жұмыс істеп жатыр. 50% жалақысы төленетін 185 жұмысшының жұмысы мəжбүрлі тоқтап тұр.

Оқиғаның мән-жайы

Еске сала кетсек, биыл 4 қаңтарда «Майқайыңалтын» компаниясы кенішінің шұңқырына автобус құлаған болатын. Автобуста жүргізуші мен үш құтқарушы болған. Сол күні төтенше жағдайлар министрлігі құтқару бөлімшелері қаза тапқан екі адамның денесін тауып, алып шыққан. Екі адам әлі табылмай жатыр.

4-22 қаңтар аралығында құлаған жерге айналма жол жасалды. Жарылыс жұмыстары жүргізілді. Өткелді кеңейту және тереңдету кезінде екі жүз мың тоннаға жуық топырақ пен тау жыныстары әкелінді. 18 қаңтарында экскаватордың көмегімен автобус корпусының бір бөлігі, жеке заттар, жоғалған адамдардың құтқару жабдықтары табылып, жер бетіне шығарылған. Екі адам сол күйі табылмады.

Ал Бас прокуратураның ақпаратына қарағанда, полиция департаментінің тергеу басқармасы қылмыстық кодекстің 277-бабы 3-бөлігі (тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу) бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. 

Ulysmedia.kz порталының тілшісімен әңгіме барысында табылмай жатқан азаматтардың туыстары қазу, іздеу жұмыстарына көңілі толмайтынын айтып, облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басшылығын сынға алған еді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты