Қазақстан аумағындағы синоптикалық жағдайды суық және қарсыз арктикалық антициклон анықтайды, деп хабарлайды kazlenta.kz.
Cонымен бірге аяз сақталады, тек 17 ақпанда еліміздің оңтүстік-шығысында атмосфералық фронттардың өтуімен қар күтіледі, таулы аймақтарда-қатты қар, тұман, көктайғақ және жаяу бұрқасын болжанады.
Республиканың солтүстік және шығыс өңірлерінде температуралық фон түнде 30-38, күндіз 20-28 аяз күтіледі. Еліміздің оңтүстік-шығысында түнде 15-25-ке дейін, тауларда 30-35 аяз, күндіз 10-25 аязға дейін төмендейді деп күтілуде.