Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Полицейлер Қазақстанға кокаин жеткізу арнасының жолын кесті

Полицейлер Қазақстанға кокаин жеткізу арнасының жолын кесті
Фото: polisia.kz

Алматыда есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөліністерінің қызметкерлері Италия мен Польшадан Қазақстанға жеткізілетін кокаин арнасынының жолын кесті, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Оңтүстік астанада жалға алынған пәтерде салмағы 250 грамм кокаин тәркіленді. Ол кофе түрінде пластикалық капсулаларға жасырылған.<

Бұдан әрі қазпошта бөлімшесінде фигурантқа тиесілі сәлемдемені тәркілеу бойынша тергеу шаралары жүргізілді. Одан жалпы салмағы шамамен 1 кг есірткі заттары бар пластикалық банкалар табылды, оның ішінде 0,5 кг кокаин және 400 грамнан астам экстази болған. Бұл үш мыңнан астам бір реттік дозаны құрайды.

Анықталғандай, ұсталған шетелдік курьер функциясын үш айға жуық орындап келген, ал Алматыға шаруашылық тауар ретінде жасырылған пошта сәлемдемелері арқылы есірткінің сирек түрлерін сату мақсатында ғана келген.

– Ұсталған адамға қатысты есірткі заттарын өткізу мақсатында аса ірі мөлшерде заңсыз сатып алу және сақтау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, бұл қылмыстар үшін мүлкі тәркіленіп, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылады.

Күдікті қамауға алынды. Елге кокаин жеткізу арналарын анықтау бойынша іс-шаралар жалғасып жатыр.<!--more-->

Өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейді, – деді ҚР ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Бақытжан Әмірханов.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді