Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Талдықорғанда мас жүргізуші жолаушылары бар автобуспен соқтығысты

Талдықорғанда мас жүргізуші жолаушылары бар автобуспен соқтығысты
Фото: polisia.kz

Талдықорғанда мас жүргізуші жолаушылары бар автобуспен соқтығысты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Талдықорғанда мас күйдегі жүргізуші мен жолаушылары бар автобустың қатысуымен орын алған жол оқиғасы әлеуметтік желіде тарады.

Жол-көлік оқиғасы 5 қаңтарда Талдықорған қаласының Еркін ауылында жеңіл автокөлік пен жолаушылар автобусының қатысуымен болды. Қарсы бағытқа шығып, Isuzu Saz автобусымен соқтығысуға жол берген Nissan Cefiro көлігінің жүргізушісі кінәлі.

– Медициналық сараптаманың нәтижесіне сәйкес, Nissan автокөлігін басқарған ер адам “орташа” дәрежедегі мас күйде болған. Көпсалалы қалалық ауруханаға оқиға орнынан автобустың алты жолаушысы жеткізілді, олардың бесеуі медициналық тексеруден кейін амбулаториялық емделуге жіберіліп, біреуі ауруханаға жатқызылды. Қажетті сараптамалар тағайындалып, қылмыстық іс қозғалды. Жол апатына кінәлі жүргізуші қамауға алынды, – деп атап өтті Талдықорған ҚПБ бастығы Ернар Ширбаев.

Жыл басынан бері өңірде масаң күйде автокөлік құралдарын басқарған 54 жүргізуші жауапкершілікке тартылды. Мас автокөлік жүргізушілерінің кінәсінен екі жол-көлік оқиғасы тіркеліп, оның салдарынан екі адам түрлі дене жарақатын алды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты