Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

СҚО-да мамандар жол төсеу барысында жиі жіберілетін кемшіліктерді атады

СҚО-да мамандар жол төсеу барысында жиі жіберілетін кемшіліктерді атады
Фото: pixabay.com

Солтүстік Қазақстан облысында былтырғы жол-құрылыс мауысымында салынып, жөнделген 163 нысан тексеріліп, 190 кемшілік анықталды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Қазақпаратқа сілтеме жасап.

СҚО-да былтыр 700 км жол жөнделді. Бұл - республикалық, облыстық, аудандық маңызы бар және ауылішілік жолдар.

Қыруар қаржы жұмсалған жұмыстың нормативті-техникалық талапқа сай келуін тексеру мақсатында «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының өкілдері 163 нысанды таңдап алып, тексерген. Сондай-ақ жол-құрылыс материалдарының 1600-ге жуық сынамасы алынды. Жолдар бойынша - 190, құрылыс материалдары бойынша 597 олқылық анықталды.

«Облыстық маңыздағы жолдарға келер болсақ, 12 нысан назарға алынып, 333 сынама тексерілді. Оның 121-і, яғни 85 % талапқа сәйкес келмеді. Мердігерлерге жіберілген қателіктерді түзету міндеті қойылды. Нәтижесінде 107 сынама бойынша кемшілік түзетілді. Материал құрамында судың көп болуы, тығыздық коэффициенті, қысу кезінде беріктік шегі параметрлерінің сай болмауы жиі кездеседі. Аудандық маңыздағы, ауылішілік жолдарда асфальт-бетон жабындысы жарылып кеткен, ойықтар бар, кейбірінің паспорты болмады», - дейді «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының директоры Жолдыбай Тентеков.

Орталық директорының айтуынша, кемшіліктердің басым бөлігі түзетілді, қалғанын күн жылынысымен мердігерлер жөнге келтірмек. Мәселен бір жыл ішінде анықталған 190 кемшіліктің 141-і бойынша тиісті жұмыс жүргізілді, қалған 49-ы назарға алынған.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты