Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада бір күнде 3,4 мыңнан астам жүк көлігіне тең қар шығарылды

Астанада бір күнде 3,4 мыңнан астам жүк көлігіне тең қар шығарылды
Фото: Астана қ. әкімдігі

Қардың мол жаууына байланысты елорданың коммуналдық қызметкерлері тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істеп, қала көшелерінің қарын тазартып жатыр, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Түнгі ауысымда 1500-ден астам арнайы техника мен 400-ге жуық жол жұмысшы көшелердің қарын күреуге шықты.

Тротуарларды, қоғамдық орындарды, қоғамдық көлік аялдамаларын, жер үсті өткелдерін тазалау жұмысы жүргізіліп жатыр.

8 қаңтар күні Астанада 45 мың текше метрден астам қар шығарылды, бұл 3410 жүк рейсін құрайды.

Қыс мезгілінің басынан бастап елордада 1 508 000 текше метрден астам қар шығарылды, бұл шамамен 110 мың ауыр жүк рейсін құрайды.

«Қазгидромет» РМК деректері бойынша Астанада 9 қаңтарда жауын-шашынсыз көшпелі бұлт күтіледі. Түнде оңтүстік-шығысқа көшетін жел 9-14, күндіз 5-10 м/с, ауа температурасы түнде – 21-23, күндіз – 19-21 аяз.

Жаяу жүргіншілер тротуарлармен жүрген кезде сақ болуы, белгіленген орындар арқылы ғана көшелерден өтуі қажет, сол сияқты қарттар мен балаларға көмек көрсеткені жөн.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді