Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғариннің төрағалығымен мал шаруашылығы саласын дамыту жұмыстарының барысы қаралды, деп хабарлайды kazlenta.kz.
Жаңа экспорттық нарықтарды ашып, ет өндірісінің өзіндік құнын төмендету арқылы мал шаруашылығын ауыл шаруашылығының алдыңғы қатарына шығару басты жоспарда. Ірі қара және қой шаруашылығын дамытудың 2024-2026 жылдарға арналған жол картасы әзірленді, жақын арада бекітіледі. Өнімді импорттаушы үшінші елдердің тізілімі жаңа отандық экспорттаушы компаниялармен толықты. 27 желтоқсандағы жағдай бойынша олардың құрамына 515 отандық кәсіпорын енді (2022 ж. – 457).
Экспорт үшін мал шаруашылығы өнімдерінің ассортиментін кеңейту бойынша ашық нарықта жұмыс жүргізілуде (Қытай, Әзербайжан, Иран және т.б.). Атап айтқанда, 2023 жылдың желтоқсан айының басында ірі қара және ұсақ мал етіне Әзірбайжан нарығын ашу туралы келісімге қол жеткізілді. Иран тарапымен өнімге қойылатын талаптарды (сүйектің жарты ұшасы мен төрттен бір бөлігі) келісу бойынша келіссөздер жүргізілуде. 29 желтоқсанда ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Россельхознадзор өкілдері арасында Ресейге ет экспортын ашу бойынша келіссөздердің қорытынды раунды күтілуде.
Өткен демалыс күндері елімізге ҚХР Бас кеден басқармасы мен АШМ сарапшылар тобының сапары аяқталды. Делегация Қазақстандағы ветеринарлық бақылау қызметіне бағалау жүргізді. Қытайға ет экспортын ашу мүмкіндіктерін талқылау үшін Қытай тарапынан тиісті қорытынды күтілуде.
Отандық өндірісті арзандату үшін малды ұстаудың озық технологиялары зерттелуде. Жол картасы аустралиялық әдіс бойынша ет жобалары мен мал базарларын құруды қарастырады. Оның негізгі артықшылықтары – малдың орташа тәуліктік пайдасын арттыру және жоғары салмақтық жағдайларға қол жеткізу кезеңін қысқарту.
Бүгінгі таңда ірі мал шаруашылығы өңірлерінде үлкен әлеуеті бар ірі инвестициялық жобалардың пулы қалыптасты. Мәселен, Жетісу және Абай облыстарында қой шаруашылығы бойынша 2 жоба қалыптыстырылды. «Алакөл-Агро» ЖШС (Жетісу облысы) 50 мың басқа дейін қой бордақылау алаңын кеңейту жобасының техникалық аудитін бастау үшін аустралиялық консультанттармен ынтымақтастықты бастады.
Сонымен қатар қазақстандық делегацияның Австралияға сапарының қорытындысы бойынша 4 шаруа қожалығы 5 пилоттық ірі инвестициялық жобаны жүзеге асыруға дайын екендіктерін мәлімдеді. Бұл ірі қара мал өсіретін 4 фермерлік шаруашылық: «Олжа Агро» ЖШС (Қостанай), «Терра» ЖШС (Қостанай және БҚО), «Қайып-Ата» ЖШС (Түркістан) және «Қайыңды» ЖШС (Жетісу). Сондай-ақ жобалар пулында БҚО кәсіпкерлерінен қой өсіру бойынша репродуктор салуға өтінім бар.
Жиында Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері атап өткендей, мал шаруашылығы саласында ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін барлық қажетті алғышарттар бар. Атап айтқанда, мемлекет меншігіне қайтарылған 10 миллион га ауыл шаруашылығы жерлерінің тек 2,8 млн ғана пайдалануға қайта бөлінді. Қордағы жерлерде 60 млн га жуық жайылымдық жер бар екенін ескерсек, мал шаруашылығы саласының одан әрі даму мүмкіндігі зор.
Кеңесте Серік Жұманғарин инвестициялық жобалар пулына қатысушы өңірлердің барлық басшысын және әлеуетті қатысушы компаниялар өкілдерін тыңдады. Талқылау қорытындысы бойынша өңірлерге АШМ-мен бірге жалпы пулға енгізу үшін барлық әлеуетті үміткер жобаларды егжей-тегжейлі пысықтауды және аустралиялық технологияларды енгізу бойынша пилоттық қатысушыларға көмек көрсетуді тапсырды.