Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстандық фермерлер пилоттық жоба аясында аустралиялық мал шаруашылығы әдістерін енгізеді

Қазақстандық фермерлер пилоттық жоба аясында аустралиялық мал шаруашылығы әдістерін енгізеді
Фото: primeminister.kz

Аустралияға жұмыс сапарының қорытындысын ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Серік Жұманғарин сонда болған мал шаруашылығы қожалықтарының басшыларымен талқылады. Аграрлық салада өзіндік орны бар бес компанияның өкілдері – «Олжа Агро» ЖШС, «Терра» ЖШС компаниялар тобы, «Қарасу-Астық» ЖШС, «Қайып ата» ЖШС, «Қайыңды» ЖШС аустралиялық заманауи технологияларды ескере отырып, қолданыстағы өндіріс орындарын салу және жаңғырту бойынша пилоттық жобаға қатысуға шешім қабылдады, деп хабарлайды kazlenta.kz.


Инвестициялық жобалар мал шаруашылығын ауқымды дамытудың кең спектрін қамтиды: 2,5 мың мал басына арналған асыл тұқымды мал шаруашылығын, 5 мың басқа арналған мал бордақылау алаңын құру және қайта өңдеу («Олжа Агро» ЖШС, Қостанай облысы), 100 мың басқа арналған мега ірі бордақылау алаңын салу, 1,2 гектар жерді суару («Терра» ЖШС, Батыс Қазақстан облысы), ет комбинатын жаңғырту және биогаз, электр энергиясы, тыңайтқыштар өндіру бойынша жасыл технологияларды енгізу («Қарасу Астық» ЖШС, Қостанай облысы), мал азығы дақылдарын өсіру, өндіру, мал биржасын және қалдықтарды терең өңдейтін ет комбинатын салу («Қайып ата» ЖШС, Түркістан облысы) Жетісуда жаңа мал бордақылау алаңдарын салу және қолданыстағы бордақылау алаңдарын кеңейту («Қайыңды» ЖШС).

Пилоттық жобаның бірінші кезеңінде ауыл шаруашылығы мен қатысушы нысандардың жай-күйіне егжей-тегжейлі талдау және аудит жүргізу, яғни қолда бар ресурстарды, ағымдағы қызметті, даму жоспарларын бағалау және олардың әрбір кәсіпорын үшін қаншалықты тиімді екенін анықтау көзделеді. Бұл мәселеде қазақстандық фермерлерге халықаралық мамандар тобы көмектеседі.

Екінші кезеңде – әрбір жобаны дамытудың қаржылық моделі мен бизнес-жоспарын әзірлейді. Ал үшінші кезеңде оны жүзеге асыруға кіріседі. Пилоттық жобаға қатысушылардың кейбірінің аустралиялық технологиялармен жұмыс істеу тәжірибесі бар екенін ескере отырып, нысандардың құрылысын 2024 жылдың көктемінде бастау жоспарланып отыр.

Қазіргі таңда Ауыл шаруашылығы министрлігі Етті мал шаруашылығын дамытудың үшжылдық кезеңіне арналған жол картасын әзірлеуде. Құжатта мал басының орташа тәуліктік салмағын арттыруға және жоғары салмақ стандарттарына қол жеткізу мерзімін қысқартуға ықпал ететін заманауи технологияларды қолдану негізінде қазіргі заманғы экспортқа бағытталған ет комбинаттары мен ірі қара мал өсіруге арналған бордақылау алаңдарын құру жөніндегі шараларды енгізу жоспарланып отыр.

Қазақстандық кәсіпорындар базасында мал шаруашылығын жүргізудің аустралиялық әдісін енгізу бойынша пилоттық жоба аталған құжаттың бір тармағы.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны шыққанын сүйіншіледі
Димаш Құдайберген аты аңызға айналған опера әншісімен бірге ән айтты
Әлем жұлдыздары Астанада өткен Қысқы қайырымдылық балын қолдады
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Мультимедиа
Марат Сұлтанғазиев су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысқан әскерилерді марапаттады
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясын өткізді
Олжас Бектенов Nazarbayev University ғылыми әзірлемелерімен танысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Әзербайжанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің бірінші отырысына қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақтың ойындары» халықаралық турнирінің ашылу рәсіміне қатысты