Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астана әуежайы 150-ден аса рейстің кешігу себебін атады

Астана әуежайы 150-ден аса рейстің кешігу себебін атады
Фото: pixabay.com

Астана халықаралық әуежайы соңғы күндері рейстердің кешігуінің үш себебін атады, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

11-15 желтоқсан аралығында Астана халықаралық әуежайынан ішкі және халықаралық бағыттарда 341 рейс орындау жоспарланған. Осы аптада елордада ауа райы қолайсыз болып, термометр бағаны – 30 градусты (желдің әсерімен -44) көрсетті. Салдарынан жоспарланған рейстің 152-сі түрлі себептермен кешіктірілген.

Астана халықаралық әуежайының баспасөз қызметі статистикалық ақпаратты қолдана отырып, рейстерді кейінге қалдырған ТОП-3 себепті анықтаған.

1 себеп: Ұшақтың Астана халықаралық әуежайына кеш келуі. Осындай себеппен 5 күн ішінде 96 рейс кешіккен. Яғни әуе компанияларының ұшақтары Астанадан белгілеген бағытқа ұшпас бұрын, онан алдыңғы рейстен кеш келеді де, ұшақты қайта жарақтау, тазалау, жанар-жағармай құюға біраз уақыт жұмсап, белгіленген уақытта ұшуға үлгермей жатады.

2 себеп: Ұшақты қардан не мұздан тазарту, мұзға қарсы сұйықтықпен өңдеуге ұзақ уақыт қажет болғандықтан 17 рейстің уақыты өзгерген. Астана халықаралық әуежайында мұзға қарсы сұйықтықтың 2 түрі қолданылады.

3 себеп: Қолайсыз ауа райы. 11-15 желтоқсан аралығында ауа райы қолайсыз болып, елорда әуежайындағы 12 рейс кешіктірілген.

"Рейстердің кейінге қалдырылуына не кешігуіне себеп болатын жағдайлар сан түрлі. Мәселен 5 күн ішінде 10 рейс ұшақтағы түрлі ақауға байланысты кешіккен. Көп жағдайда ұшақтардың қозғалтқыштары дер кезінде іске қосылмай қалған.

Бұл тізімге рейске белгіленген ұшақтың ауысуы, экипаж мүшелерінің толық болмауы, жолаушыларды отырғызу кезінде қайта түгендеу, тізімді нақытау сияқты өзге де себептерді қосуға болады", - делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, Астана – Ұлан Батордан кейінгі әлемдегі ең суық астана болып есептеледі.

"Сондықтан қолайсыз ауа райында рейстер кешігеді. Алайда барлық жолаушы ҚР "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" заңының 86-бабында тасымалдаушының рейс болмаған немесе кідірген кездегi жолаушы алдындағы жауапкершілігі негізінде өзіне тиесілі қызметтерді толығымен алуға құқылы.

Қолайсыз ауа райы кезінде авиация саласының қиыншылығы мен жауапкершілігіне түсіністікпен қарап, әуежай қызметкерлерінің қызметіне қолдау білдірген әр жолаушыға алғысымызды білдіреміз".

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында сөз сөйледі