Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Зиянды жұмыс істеген 37 мың адамға 208 мың теңгеден төлем жасалады

Зиянды жұмыс істеген 37 мың адамға 208 мың теңгеден төлем жасалады
Фото: pixabay.com

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Назгүл Сағындықова 55 жасқа толғаннан кейін арнаулы әлеуметтік төлемді алатындар қайда хабарласуы керек екенін түсіндірді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Kazinform сайтына сілтеме жасап.

Осы төлемді тау-кен, медицина, өңдеу өнеркәсібінде, шахтада жұмыс істеп жүрген адамдар алады.

«Зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейтін азаматтар енді 55 жасқа толған соң, осы арнаулы төлемді алады. Ол төлемнің мөлшері 4 көзден құралады. Республикалық бюджеттен 2 ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінде, одан кейін жұмыс берушінің өзінен 1 ең төменгі күнкөріс деңгейінде, сондай-ақ өмірді сақтандыру компаниясынан және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан бағытталады. Осының барлығын қосып, бір уақытта төленеді», - деді Н. Сағындықова Сенаттың жалпы отырысынан кейін тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Бұл тұрғыда ол шахтерге немесе басқа да зиянды еңбек жағдайында жұмыс істеген адамдарға төленетін арнаулы әлеуметтік төлемнің орташа сомасын айтты.

«Орташа сомасы 208 мың теңге болады. Өздеріңізге мәлім, республикалық бюджет туралы заң қабылданды. Сол заңда ең төменгі күнкөріс деңгейі 43 мың теңге деңгейінде бекітілді. Яғни республикалық бюджеттен 86 мың теңге, жұмыс берушіден 43 мың теңге бөлінеді.

Тағы 43 мың теңгені өмірді сақтандыру компаниясы төлейді. Сондай-ақ орташа есеппен 35 мың теңге зейнетақы қорынан аударылады. Келер жылы 1 қаңтардан бастап 37 мың адам осы төлемді алады», - деді вице-министр.

Бұл төлемді зиянды жұмыстарда істейтін азаматтар 55 жасқа толғанда, сондай-ақ кемінде 84 ай міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары төленген болса, жұмысынан кеткенде немесе басқа жеңіл қызметке ауысқан кезде алады. Арнайы әлеуметтік төлем зейнеткерлік жасқа толғанға дейін іске асырылады.

Назгүл Сағындықованың сөзіне қарағанда, бұл жәрдемақыны алу үшін қызметкерлер жұмыс орны бойынша кадр бөліміне хабарласып, тиісті өтініш жазуы қажет. Бұл ретте шахтер зиянды еңбек жағдайындағы жұмысын тоқтатанын және кез келген басқа жұмысқа ауысатынын мәдімдейді. Осы өтініш Еңбек министрлігінің жүйесіне автоматты түрде жіберіліп, бұл адамға арнаулы әлеуметтік төлем бекітіледі.

Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Сенаттың жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қоғамдық бірлестіктер және еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда істейтін адамдарды әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы мақұлданды

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді