Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматы облысындағы әкімдер сайлауы: Балқаш және Жамбыл аудандарындағы сайлаудың өту барысы мен кандидаттар

Пилоттық жоба негізінде өткізілетін бұл саяси науқан облыстың екі ауданында – Балқаш, Жамбыл аудандарында жүзеге асырылуда.

Еске салар болсақ, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылдың наурыз айында Қазақстанға аудан әкімдерінің сайлауын енгізуді жеделдету қажеттігі туралы айтқан болатын. Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасына сәйкес жергілікті деңгейде әкімдерді сайлау институты кезең-кезеңімен енгізіледі. Пилоттық жоба республиканың 3 қаласында және 42 ауданында жүргізіледі.

Жамбыл ауданының басшысы лауазымына 3 кандидат сайлауға түсті. Ауданның 77 сайлау учаскесі өз жұмыстарына кірісті. Бүгінде аймақта дауыс беруге құқығы бар 105 895 адам аймақ басшысы лауазымына лайықты деп санайтын кандидатқа дауыс береді.

Ұзынағаш ауылындағы 263 сайлау учаскесінде 2473 адам тіркелген. 

"Мен бақылайтын 263-ші сайлау учаскесінде бәрі заңға сәйкес жүргізілді. Уақытында әнұран шырқалып, сайлау учаскесі жұмысқа кірісті. Дауыс беруге арналған кабиналар талаптарға сәйкес жасақталған",- дейді "Жамбыл ауданының әйелдерін қорғау" ҚБ өкілі Айжан Лавин.

Балқаш ауданында өңір басшысы лауазымына да 3 кандидат үміткер. Ауданның сайлаушылар саны - 18452 адам.

Бақанаста аудандық 23 сайлау учаскесінің 4-і құрылды. Олардың бірі- Бақтыораз Бейсекбаев атындағы гимназияда орналасқан 100-ші сайлау учаскесі. Сайтта 1800 сайлаушы тіркелген. 

"Сайлаушылар дауыс беру басталғаннан бері белсенділік танытуда. 12 сағат ішінде 345 сайлаушы дауыс берді. Дауыс беруде түсініспеушіліктер, құқық бұзушылықтар болған жоқ ", - дейді сайлау комиссиясының мүшесі Әлия Өтешбаева.

Дауыс беру жергілікті уақыт бойынша сағат 20.00-ге дейін жалғасады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді