Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау ІІМ-нің ерекше бақылауында

Кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау ІІМ-нің ерекше бақылауында
Фото: polisia.kz

Балалардың құқығын қорғауды қамтамасыз ету мәселесі Ішкі істер министрлігінің басты назарында, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі 2023-2024 жылдарға арналған арнайы іс-шаралар жоспары бекітілді. Онда жасөспірімдер ортасында жасалатын қылмыстарды анықтау, жолын кесу және алдын алу шаралары қарастырылған.

Бүгінгі таңда әрбір мектеп пен колледжге учаскелік полиция, ювеналды және криминалдық полиция қызметкерлері бекітілді. Олар жат әрекеттер жасауға бейім жасөспірімдер арасында 300-ден астам неформалдық лидерлерді анықтады. Олар ішкі істер органдарының ерекше бақылауына алынды.

Кәмелетке толмағандардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында аумақтық полиция департаменттерінің бастықтары мектеп және колледж оқушыларымен кездесулер өткізді. Жасөспірімдерге әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылуы туралы түсіндірілді.

– Бас прокуратураның басшылығымен барлық елордалық мектептерді тексеру басталды. Әр түрлі ведомстволардың 70-тен астам қызметкері жұмылдырылды. 98 мемлекеттік мектеп, 56 жеке меншік, 3 Назарбаев зияткерлік мектебі, 4 республикалық, 3 түзету және 5 BINOM мектептері тексеріледі. Ол қараша айының соңына дейін аяқталады, – деді ҚР ІІМ ӘПК төрағасы Қайсар Сұлтанбаев.

Сонымен қатар 26 қазаннан 2 қарашаға дейін еліміздің барлық аумағында балалар арасында құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр.

Іс-шара басталғалы бері:

– 239 ұсақ бұзақылық;

– оқушылардың алкогольдік мас күйде болуының 64 фактісі;

– мектептер маңында 3,5 мыңнан астам жол жүрісі қағидасын бұзу анықталды.

Жалпы елде өткен аптада балалар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша 800-ден астам жергілікті рейдтік іс-шаралар өткізілді. Оның нәтижесі бойынша балалардың түнгі уақытта ойын-сауық орындарында және тұрғын үйден тыс жерде болғаны үшін 2,5 мыңға жуық ата-ана (ӘҚБтК-нің 442-бабы) және мекемелердің 27 иесі (ӘҚБтК -нің 132-бабы) жауапкершілікке тартылды. 302 ата-ана балаларды тәрбиелеу міндеттерін орындамағаны үшін, сондай-ақ 57 ата-ана кәмелетке толмағандардың алкоголь ішкені үшін жауапқа тартылды.

55 жасөспірім ұсақ бұзақылық жасағаны үшін айппұл төледі. Түнгі уақытта көшеде ұсталған 92 жасөспірім бейімдеу орталықтарына орналастырылды. Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияларда 96 материал қаралды. 16 ата-ана құқықтарынан айырылды және шектелді. 7 жасөспірім девиант мінез-құлқы бар балаларға арналған арнайы мектептерге жіберілді.

– Егер сіз кәмелетке толмағандарға қатысты құқық бұзушылық фактілері туралы білсеңіз немесе сіз бала болсаңыз және өзіңізге қатысты зорлық-зомбылық орын алса – үндемей қалмаңыз! Сіз полицияға 102 немесе 111 нөмірлері бойынша хабарласуыңыз керек. Көрсетілген телефондар арқылы сіз тәулік бойы ақпараттық, консультациялық, психологиялық көмек пен қолдау ала аласыз. Біз отбасы мен балалардың қорғаушысы болуымыз керек. Есіңізде болсын, бөтен бала болмайды, егер сіз бүгін бейтаныс балаға көмектесіп, қорғасаңыз, ертең сіздің де балаңызға біреу көмектеседі, – деді ҚР ІІМ ӘПК төрағасы.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді