Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары тұрғын үй қатынастары саласында бұзушылықтарды анықтады

Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары тұрғын үй қатынастары саласында бұзушылықтарды анықтады
Фото: pixabay.com

Прокурорлық тексеріс барысында жер учаскелерін және жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару рәсімдерін өткізу барысында пәтерлерді заңсыз ұсыну фактілері анықталды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Бас прокуратураға сілтеме жасап.

Петропавл қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің лауазымды тұлғалары «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңның талаптарын бұза отыра облыс орталығының бір тұрғынына жалпы сомасы 85 млн. теңгеге заңсыз 5 жайлы пәтерді одан алынған жалпы құны 39 млн. теңгені құрайтын құрылыстарымен бірге жер учаскелері үшін орнына берген.

Артынан жоғарыда аталған пәтерлер үшінші тұлғаларға сатылған.

Қадағалау органымен сотқа пәтерлерді сату-сатып алу мәмілелерін жарамсыз деп тану туралы талап арыз берілді.

Соттың шешімімен прокурордың талабы қанағаттандырылды.

Бүгінгі күні сот актісі заңды күшіне енді, заңсыз алынған пәтерлерді мемлекет меншігіне қайтару бойынша жұмыс жүргізілуде.

Басқа жағдайда, қала тұрғыны Заңның 109-бабының талаптарын бұза отыра құны 20,3 млн. теңгенің жайлы пәтерін жекешелендіріп алған, алайда өзі сол пәтерде тұрмаған.

Аталған әрекеттер салдарынан тұрғын үй қорынан мемлекеттің мүлкін заңсыз шығаруға әкеліп соқтырды.

Аталған факті бойынша бүгінгі күні Қылмыстық кодекстің 189-бабы «Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, арнайы прокурорлармен тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Сонымен бірге қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің лауазымды тұлғаларымен рет-ретімен пәтерлерді ұсынғанда және тұрғын үй алуға кезекті түгендегенде жүйелі бұзушылықтарға жол берілген.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша жіберілген бұзушылықтарды жою және кінәлі лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту бойынша шаралар қабылдануда.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты