Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

ШҚО тұрғындарына 1,3 млрд теңгенің көмегі көрсетілді

ШҚО тұрғындарына 1,3 млрд теңгенің көмегі көрсетілді
Фото: ШҚО ақпараттық орталығы

«Қазақстан халқына» қоғамдық қорының қолдауымен Шығыс Қазақстанда инклюзия, білім беру және медицина бойынша 16 жоба қолға алынған. Көрсетілген қайырымдылық көмектің мөлшері – 1,3 млрд теңге, тағы 895,2 млн теңгенің жобалары іске асырылуда, дееп хабарлайды kazlenta.kz.

Қор қызмет еткен бір жыл ішінде облыстың екі тұрғынына 11 млн теңгенің қымбат протездері берілді. Аймағымыздағы екі балаға 18 млн теңгенің экзоқаңқалары сатып алынды. Өмірге қауіп төндіретін және орфандық аурулардан зардап шегетін бес науқас 255,9 млн теңгенің қымбат дәрілік препараттарын алды, тамырлы патологиясы бар жеті балаға ем көрсетілді.

– Біз мемлекеттік бюджет есебінен іске асыру қиын іс-шараларды ғана атқаруымыз керек. Бұл ретте, біздің міндетіміз – мәселелерді жүйелі шешуге ықпал ететін тұрақты жобаларды қолға алу, – деді «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының басқарушы директоры София Айсағалиева.

Аймақта қордың қолдауымен осы жылы ерте араласу орталығы мен аутизм спектрі бұзылған балаларға арналған орталық өз жұмысын бастады. Қазір қор әр ауданда оңалту мекемелерін ашуды жоспарлап отыр.

Өңір басшысы Ермек Көшербаев шекара маңындағы аумақтарға ерекше назар аударуды және аудандардың түйіскен жерінде осындай мекемелер құру мүмкіндігін қарастыруды ұсынды, бұл халықты мамандандырылған көмекпен көбірек қамтуға мүмкіндік береді. Қор басшылығы бұл идеяны қолдап, ұйым өкілдерінің өңірлерге жұмыс сапарлары атқарылған жұмысты қорытындылап, жобалармен танысуға бағытталғанын атап өтті.

Осыған байланысты қордың медицинадағы қайырымдылық қызметінің негізгі бағыты – шетелде немесе елдің басқа өңірлерінде ауыр науқастарға жекелей көмек көрсету және емдеу емес, емдеуге жағдай туғызу, жергілікті жердегі клиникаларды жарақтандыру. Мәселен, ұйым Шығыс Қазақстан облыстық Ана мен бала орталығын нейрохирургиялық жабдықтармен қамтамасыз етуге 34,2 млн теңге көлемінде қаражат бөлуді жоспарлап отыр. Сондай-ақ онкология мен гематологияны жаңғырту бойынша ірі жобалар көзделген.

– Жалпы, мемлекет тарапынан Шығыс өңіріндегі медицинаны дамытуға қаражат бөлінуде. Сондықтан қазір Шығыс Қазақстан облысы үшін әлеуметтік қолдау мен білім беру барынша өзекті, содан кейін спорт пен мәдениет салалары бойынша ұсынылатын жобаларды қарастыруымыз керек, – деп түсіндірді София Айсағалиева.

Білім туралы айта келе, «Қазақстан халқына» қорының басқарушы директоры «Тірек мектептер» жобасы еліміздің Шығысында басталғанын атап өтті. Соның арқасында 17 ауылдық мектептің материалдық-техникалық базасы жақсартылды, мектепке дейінгі даярлық және роботты техника кабинеттері, мультимедиялық кабинет, STEM-зертхана, заманауи жаңа зертханасы бар физика және химия кабинеттері сияқты барлық бағыттар мен пәндер бойынша жаңа үлгідегі кабинеттер ашылды. Енді еліміздің 17 өңірінде осындай 63 мектеп құру жоспарланған.

Шығыс Қазақстанда бұл жобаны жүзеге асырудың жарқын үлгісі – Марқакөлдегі №1 орта мектеп. Екінші кезеңде Зайсан, Риддер қалаларында, сондай-ақ Самар, Ақжар ауылдарында тірек мектептер ашылады.

Ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған арнайы мектептерді жабдықтауға да көп көңіл бөлініп келеді.

– Өткен жылы олардың материалдық базасы шамамен 193 млн теңгеге толықты. Біздің тірек мектептеріміз 1 млрд теңгеге жарақтандырылды. Бұл – балаларымыздың болашағын қолдау. Осы оң тәжірибе жалғасуға тиіс, – деп атап өтті облыстық білім басқармасының басшысы Иннеса Чернышева.

Қор жобаларының ішінде өскелең ұрпақтың тілдік құзыреттілігін, инженерлік қабілеттерін дамыту, сондай-ақ аз қамтылған отбасылардан шыққан балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру және жоғары білім алуға гранттар бөлу бойынша бағыттар да бар. Бүгінгі таңда Шығыс Қазақстанның әлеуметтік осал отбасыларынан шыққан 33 мектеп түлегі «Қазақстан халқына» қорының қолдауы арқасында жоғары оқу орындарында білім алуға мүмкіндік алып отыр.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді