Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жамбыл облысының тұрғыны 6 жыл бойы баласына алимент төлемеген

Жамбыл облысының тұрғыны 6 жыл бойы баласына алимент төлемеген
Фото: pixabay.com

Жамбыл облысының тұрғыны 6 жыл бойы баласына алимент төлемеген. Осы дерекке қатысты қылмыстық іс басталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Полицияға облыстың 37 жастағы тұрғынына қатысты аудан прокуратурасынан оны қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы материал келіп түсті, өйткені 2017 жылдан бастап ер адам өзінің кәмелетке толмаған баласын асырауға алимент төлеу жөніндегі міндетін атқармаған. Құқық бұзушының берешегі үш миллион теңгеден асыпты.

Бұған дейін ол ҚР ӘҚБтК-нің 669-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, сот қаулысымен үш тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды.

Сондай-ақ бұл азаматқа жеке сот орындаушысы халықты жұмыспен қамту орталығында түрлі бос жұмыс орындарын ұсынған, алайда жоғарыда аталған азамат ешқандай да себепсіз жұмысқа орналасудан бас тартыпты.

Қазіргі уақытта баланы күтіп-бағуға қаражат төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау дерегіне қатысты ҚР ҚК-нің 139-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Бұл баптың санкциясы 600 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмысқа тарту не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады