Алдағы күндері республиканың көп бөлігінде синоптикалық жағдай фронтальды бөлімдердің әсерінен қалыптасады, найзағай мен екпінді желмен жаңбыр жауады, солтүстік-батыста, оңтүстік-шығыста бұршақ жаууы мүмкін, еліміздің оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда түнгі уақытта жауын-шашын жаңбыр мен ылғалды қар түрінде болады деп болжануда, деп хабарлайды kazlenta.kz.
Еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман болады деп болжануда.
Еліміздің көптеген аймақтарында ауа температурасы түнде 2-12, күндіз 15-23 жылу, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста температура фоны түнде 10-15, таулы аймақтарда 0-5 жылы, күндіз 20-28 жылы күтіледі.