Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ет және «қазақстандық рафаэлло»: отандық туроператорлар шетелдік туристер арасында ең танымал 5 ұлттық тағамды атады

Ет және «қазақстандық рафаэлло»: отандық туроператорлар шетелдік туристер арасында ең танымал 5 ұлттық тағамды атады
Фото: shutterstock

Отандық туроператорлар жүргізген сауалнамаға сәйкес, шетелдік қонақтар арасында ең танымал ұлттық тағам – қазақша ет. Ұлттық тағам еліміздің барлық қалалары мен демалыс орындарында беріледі, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Туристердің талғамына сай жылқы, сиыр немесе қой етін асып береді. Ал Қазақстанның батысында балықтан жасалатын «фишбармақтың» дәмін татуға болады.

Екінші орында – бауырсақ. Еліміздің әр өңірінде ұннан жасалатын өнімнің өзіндік рецепті бар. Ал оның ішіндегі «шибауырсақты» туристер өздерімен бірге кәдесый өнімі ретінде алып кетеді екен. Себебі оны тасымалдау өте ыңғайлы.
Құрметті үшінші орында – қазы. Жылқының қабырға етін тұздап, бұрыш қосып жасалатын шұжық. Әдетте ет асқанда қазы бірге беріледі.
Туристердің талғамы бойынша бұдан кейінгі орында ұлттық тәттілер – жент және қызыл ірімшік тұр. Көптеген кәсіпкерлер туристерге бұл десерттерді кішкентай, әдемі сыйлық жиынтықтарында кәдесый ретінде сатып алуды ұсынады.
Қызыл ірімшілік – тәтті сүзбе. Әзіл ретінде бұл тағамды «қазақстандық рафаэлло» деп те атайды. Ол әртүрлі тәтті ингредиенттері бар сүзбеден дайындалады. Қазақстанның кейбір өңірлерінде бал, ал басқа өңірлерде қант немесе тосап қосып дайындайды.

«Сондай-ақ тұтыну өнімі ретінде және кәдесый ретінде қазақстандық шоколад өте танымал. Біздің ұлттық тағамдарымызбен еуропалық және ТМД аумағынан келген туристер жақсы таныс және шетелдіктер тарапынан үлкен сұранысқа ие», - деді ҚР Туризм және спорт министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиева.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді