Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ресейліктер Путинді тыңдағысы келмейді


Владимир Путиннің Федералдық жиналысқа жолдауының рейтингі өте төмен болды: оны мәскеуліктердің 5,9%-ы ғана көрген. Сарапшылар қызығушылықтың төмендеуін билік рейтингінің жалпы құлдырауының салдары деп атайды, деп хабарлайды 365info.kz

Ресей президенті кезекті жолдауымен 20 ақпанда сөз сөйледі, оның бір жарым сағаттық үндеуін тікелей эфирде 5 арна трансляциялады. Mediascope алдын ала мәліметтері бойынша, оны Мәскеу тұрғындарының 5,9%-ы көрген. Абсолюттік мәнде бұл 0,87 млн адам. Осы уақытта теледидар алдында отырған мәскеулердің 39%-ы ғана жолдауды көруді таңдаған, деп жазады «Коммерсантъ». Бұл соңғы жылдардағы ең төменгі көрсеткіш.


Путиннің жолдауын Мәскеуде тікелей эфирден көргендер:

2015 жылы — 8,7% тұрғын
2016 жылы — 7,6%,
2018 жылы — 7,3%
2017 Жолдау болған жоқ.


Салыстыру үшін: 2014 — Қырым қосылған жылы рейтинг 10% деңгейінде болды.


Жыл сайынғы баспасөз конференциясы 20 желтоқсан 2018 жылы 11,3% мәскеулікті экран алдына жинады. Өткен жылы президентпен тікелей байланыс желісін елорда тұрғындарының 8,3%-ы көрген.

Проблемалар шешілмейді

Оның бір себебі, халық жолдаудан жаңа ештеңе күтпейді. Жыл сайын Путин «шайқауға уақыт жоқ» деген сөзді қайталайды, сондықтан оны ешкім шындап қабылдамайды. Сонымен қатар, Ресей президенті беретін жарлықтар да қайталанады.


The Bell жазғандай, 15 жолдауының 11-де Путин бизнесті тексерулерден арылту қажеттілігін 2012 жылдан бері қайталап айтып келе жатыр. Биылғы үндеу де ерекшеленбеді. 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап Ресей басшысы бақылау, қадағалау саласындағы барлық нормативтік актілердің, сондай-ақ аймақтық және ведомстволық хаттар мен нұсқаулықтардың (бұл бизнесті дамытудағы революция ретінде беріледі) қолданылуын тоқтатуды үкім етті. Алайда мәселелер, шын мәнінде, шешілмеген қалпы қалады.


Мысалы, шағын бизнесті жоспарлы тексеруге мораторий (2014 жылғы жолдаудан уәде), керісінше, жоспардан тыс тексерулер санының өсуіне алып келді. Тағы бір мысал: Путин «экономикалық істер бойынша тұтқындауды ұзарту себептерін күрт шектеу керек» деп мәлімдеді. Бұл оны жеті жолдауында бес рет айтқан. Мәлімдемеге қарамастан,


экономикалық қылмыстар бойынша қылмыстық істердің саны сонау 2012 жылдан бері өсіп келеді,


ал кәсіпкерлік баптар бойынша сотталғандардың саны азайған емес.

Сенім дағдарысы

Бірақ телеүндеу рейтингінің төмендеуі ресейліктердің билікке деген көзқарасын көрсететін дабыл сигналы болуы мүмкін.


«Президент үндеулеріне қызығушылықтың төмендеуі — 2018 жылы басталған жалпы сенім дағдарысының көрінісі. Адамдар Путин жаңа бірдеңеге қабілетті екеніне сенбейді, сондықтан айтқанын тыңдамайды», — деп түсіндірді Коммерсантқа саясаткер Аббас Галлямов.


Мұны сауалнама нәтижелері де растайды: ҚПЗБО деректері бойынша (сауалнама 21-27 қаңтар аралығында жүргізілді),


30,1% респондент президент ісін мақұлдамады (бір ай бұрын 26,8%)

Рейтингтің құлдырау триггері

Мұндай жағдайға Путин алғаш тап болып отырған жоқ, бірақ бұл жолы дағдарыс тереңдей түсуі мүмкін. «Ведомость»-тің еске салуы бойынша,


• рейтингтер алғаш 2000 жылдары құлдырады, ол кезде «олигархтармен соғыс» болып жатқан кез,
• екінші кезең — 2004 жылдың соңында-2005 жылдың басында, жеңілдіктерді монетизациялау мен губернаторлық сайлаудан кейін,
• үшінші кезең — 2011-2013 жж.,
• төртінші — 2018, зейнеткерлік жасын арттыру туралы хабарландырудан кейін.


Барлық осы кезеңде Путиннің қызметін мақұлдау 60-65%-ға дейін төмендеді. Үш ретте бұл президент сайлауынан кейін орын алған болатын.


Алдыңғы үш құлдырауды қайта ұтып алу мүмкіндігі болды. Бірінші рет теледидардың қолдауының арқасында, екіншісі рет – экономикалық өрлеу есебінен, үшіншісі — Қырымның қосылуынан.


«Бірақ қазір экономикалық ахуалдың тұрақты нашарлауы жағдайында, рейтингтерді қайта өсіру ненің есебінен болатыны әзірше түсініксіз»,— дейді саясаттанушы Кирилл Рогов.


Қазір рейтингтерді өсіруге жағдай жоқ, деп қостады Левада орталығының директоры Лев Гудков.


«[Теориялық тұрғыда] екі мүмкіндік бар. Біріншісі — әскери авантюра, ол символдық қарсылыққа дейін баруы мүмкін, бірақ 2014 жылғы эффект болмайды. Екіншісі — әлеуметтік саясаттың күрт өзгеруі: жолдауда айтылғандар емес, халықтың үмітін ақтайтын нақты өзгерістер». Үкіметтің ауысуы да, билік транзиті де мұндай тақырыптарға айнала алмайды», — деп сендірді социолог.


Зейнетақы реформасы — Путин рейтингінің құлдырауының басты триггері. Алайда, наразылық 2017 жылдан өршіп келеді және президенттік науқанмен тоқтатылды, деп атап өтті Гудков.


«Реформаға халықтың 90% қарсы шықты. Адамдар Путин заңға қол қоймайтынына сенді. Мұның бәрі бос үміт болғанымен, ресейліктердің мемлекеттік-патерналистік сенімдерін өзгерткен жоқ. 


Қазір халықтың билікке деген негізгі шағымдары — бағаның өсуі, халықтың азып-тозуы және соғыс қорқынышын басқан сыбайлас жемқорлық», — дейді Левада-орталығының директоры.


Фото: Газета.Ру
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны шыққанын сүйіншіледі
Димаш Құдайберген аты аңызға айналған опера әншісімен бірге ән айтты
Әлем жұлдыздары Астанада өткен Қысқы қайырымдылық балын қолдады
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясын өткізді
Олжас Бектенов Nazarbayev University ғылыми әзірлемелерімен танысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Әзербайжанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің бірінші отырысына қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақтың ойындары» халықаралық турнирінің ашылу рәсіміне қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттік жастар кадр резервінің форумына қатысты