Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Бүгін ел аумағында ауа райы қандай болады

"Қазгидромет" РМК 16 тамыз, сейсенбіге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды kazlenta.kz

Синоптиктердің болжамынша, ауқымды солтүстік-батыс антициклон әсерінен бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы, сондай-ақ температураның ақырындап төмендеуі күтіледі. Ал фронталды бөліктерге байланысты республикамыздың шеткі солтүстік аудандары мен шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнап, екпінді жел соғуы ықтимал. Сонымен қатар республика бойынша кей жерлерде түнгі сағаттарда тұман күтіледі.

Одан бөлек күндіз Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Атырау облысының шығысында өте қатты ыстық, Алматы, Маңғыстау облысы мен Ақтөбе облысының оңтүстік-батысында қатты ыстық күтіледі. Метеорологтар ұсынған ақпаратқа сәйкес, Қызылорда облысының басым бөлігінде, Түркістан облысының оңтүстігінде, шығысында, Атырау облысының батысында, шығысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Алматы облысының шығысында, Жетісу облысының оңтүстігінде өрт қаупі сақталады.

Айта кетейік, бұған дейін "Қазгидромет" еліміздің бірқатар өңірінде күн суытып, үсік жүруі ықтимал екенін хабарлаған болатын. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады