Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Орнитолог көгершіндер адамға қауіп төндіруі мүмкін екендігін айтты

Көптеген қала тұрғыны алаңдар мен саябақтарда көгершіндерді тамақтандырғанды ұнатады, көбіне олар бір топ көгершіннің ортасында тұрып, қолдарымен жем береді. Осы орайда орнитолог көгершіндер адамға қандай қауіп төндіруі мүмкін екенін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасаған Kazlenta.kz

БҒМ ҒК Зоология институтының кіші ғылыми қызметкері Бекжан Бердіқұлов адамдар көгершіндерден орнитоз, сальмонеллез, туберкулез, туляремия, энцефалит, токсоплазмоз, құс тұмауы, Ньюкасл ауруы сынды тағы басқа ауруларды жұқтырып алуы мүмкін екенін айтады.Сонымен қатар ол көгершіндердің денесі мен саңғырығындағы кенелер де бірқатар аурудың көзі болуы мүмкін екенін атап өтті. "Бұл құстардың қауіпті болуы мүмкін екенін адамдар ескере бермейді. Олар көгершіндер көп шоғырланған жерлерде түрлі ауру жұқтырып алуы ғажап емес", – дейді маман.

Орнитологтың сөзінше, көгершіндер біздің планетамыздың көптеген бөлігінде кең таралған синантропты түрге жатады. Қалалық аймақтағы халықтың тығыздығына байланысты адамдар осы түр арқылы таралатын ондаған ауруды қоздырғышты жұқтырып алуы мүмкін. "Сондықтан ойын алаңдары мен тұрғын үйлердің жанында бұл құстарға қол тигізбеу керек және тамақтандырмаған дұрыс. Өйткені, ол құстардың өздеріне де қауіпті болуы мүмкін, себебі дұрыс тамақтанбаған жағдайда ас қорыту жүйесінің аурулары пайда болады. Мысалы, нан, ет, сүт өнімдері, қара тары, тұзды және қуырылған тағамдармен тамақтандыруға болмайды. Бұл кез келген көшедегі басқа құстарға да қатысты. Тек оларды қыста ғана тамақтандыруға болады" – дейді Бекжан Бердіқұлов. Маманның пікірінше, көгершіннен адамдарға жұғуы мүмкін өткір жұқпалы аурулардың бірі –  орнитоз.

Орнитоздың белгілері пневмонияға ұқсас: науқас жөтеле бастайды, дем алуы қиынға соғады. Егер адам вирус жұқтырған болса, онда денеде және көзде қышу пайда болады, конъюнктивит белгілері байқалады. Осындай бірқатар симптом байқалса тез арада дәрігерге қаралу қажет.  
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді