Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Сауд Арабиясында қажылық басталды

Сауд Арабиясындағы Мекке қаласына бүгін миллионнан астам адам қажылық жасау үшін жиналды, деп хабарлайды ҚазАқпарат сілтеме жасаған Kazlenta.kz

2020 және 2021 жылдары корольдік билігі коронавирус пандемиясына байланысты қажылыққа келушілер санына шектеу қойған еді. Сондықтан биыл адам көп жиналды. Алайда, қажылыққа барғандар пандемияға дейінгі деңгейге жетпей тұр. 2019 жылы бұл көрсеткіш 2,5 млн адамды құраған болатын. Биыл Сауд Арабиясы 1 миллион қажылыққа квота белгіледі, сонымен қатар қатаң талаптар қойды: қажылыққа келушілер жасы 65-тен аспауы керек және COVID-19-ға қарсы екпе сертификаты болуы тиіс.

Меккеде, Мединада және Джиддада бүгін ауа температурасы 28-43 градус аралығында, деп хабарлайды SPA Сауд баспа агенттігі. Қажылық кезеңінде ауа температурасы жоғары болатындықтан, Сауд Арабиясының денсаулық сақтау министрлігі күн астында ыстық өткен адамдарға 238 жатын орын әзірлеп қойды. Бұдан бөлек, Минада 550 орындық 4 аурухана мен 26 медицина орталығы, 175 жедел жәрдем көлігі дайын тұр.

Сондай-ақ, қажылыққа 3 жүзден астам мүмкіндігі шектеулі жандар, жетім балалар келген. Олар кеше Джидда қаласындағы әуежайға келді. Қажылық бес күн өтеді. Мұсылман күнтізбесі бойынша Зу-ль-хиджа айының 8-12, Григориан күнтізбесімен 7-12 шілде аралығында.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді