Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Атырау облысында аудан әкімі суға батып кетті

31 шілде күні Атырау облысы Махамбет ауданының әкімі Ринат Жанқылыш Жайық өзеніне батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат-қа сілтеме жасаған Kazlenta.kz

Оқыс оқиға туралы департаменттің диспетчер пультіне 31 шілде күні жергілікті уақытпен сағат 22:38-де хабар берілген. Басылым мәліметінше, Махамбет ауданының әкімі Ринат Жанқылыш Ортақшыл ауылының жанында Жайық өзеніне суға түскен. Бірақ судан қайта шықпай қалған.

"Оқиға орнына департаменттің жедел құтқару жасағынан 3 сүңгуір іздеу жұмысына кірісті. Әзірге суға кеткен әкімнің денесі табылған жоқ", - делінген ТЖД таратқан хабарламада.

Жергілікті "Ақ Жайық" басылымының хабарлауынша, аудан басшысы арнайы жабдықталмаған жерде шомылған. Махамбет ауданы әкімдігінің ресми сайтында Ринат Жанқылышовтың 2021 жылдың ақпан айында әкім болып тағайындалғаны көрсетілген.

Оның "экономист", "заңгер" және "мұнай-газ ісі" мамандықтары бойынша үш жоғары білімі бар. Ринат Жанқылышов еңбек жолын 2005 жылы Алматы қалалық экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінде тергеуші болып бастаған. 2006-2018 жылдары бірнеше жеке кәсіпорында басшылық еткен. Ал 2018-2019 жылдары Атырау қаласы мәслихатының хатшысы, 2019-2020 жылдары Атырау қаласы әкімінің орынбасары лауазымын атқарған. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі