Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Құрбан айт мерекесімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Құрбан айт мерекесімен құттықтады
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Құрбан айт мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды kazlenta.kz.

"Қадірлі отандастар!Сіздерді Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл – Исламның тағылымы мол діни дәстүрі. Құрбан айт адамдарды мейірімді, адал, жанашыр болуға, адамзаттың бәріне құрметпен қарауға үндейді. Осы құндылықтар ұлттың рухани өрлеуіне, қоғамда жауапкершілік пен әділдік қағидаттарын орнықтыруға ықпал етеді.Айт күндері мұсылман қауым бір-бірін құттықтап, жақындарына амандық пен жақсылық тілейді. Шынайы көңілмен мұқтаж жандарға жәрдемдеседі. Мұның бәрі жұртшылықты жақындастырып, еліміздегі жалпыұлттық бірлікті, бейбітшілікті және келісімді нығайта түседі.Мейірімділік, имандылық, қайырымдылық – халқымызға тән ізгі қасиеттер. Ұлық мерекенің ұлағаты жұртымыздың табиғатына етене жақын. Сондықтан бұл мейрам ұлттық салт-дәстүрімізбен біте қайнасып, бірге жасап келеді.Баршаңыздың дұға-тілектеріңіз қабыл болсын! Айттан айтқа аман-есен жете берейік!",-Президент.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды
Almaty Marathon-да қайта өңдеуге жіберілетін қалдықтар жиналды
Қала күні мен Дүниежүзілік тазалық күніне орай 50 мыңнан астам алматылық жалпықалалық сенбілікке қатысты
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді