Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Еліміздің оңтүстік өңірлеріндегі жолшылар құрылыстағы жаңа технологиялармен танысты

Еліміздің оңтүстік өңірлеріндегі жолшылар құрылыстағы жаңа технологиялармен танысты
Фото: ҚР ИИДМ баспасөз қызметі

Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты «Қазақстан Республикасының оңтүстік өңірлері үшін жол құрылысындағы инновациялық тәсілдер» тақырыбында семинар ұйымдастырды. Іс-шара Шымкент қаласында ҚР ИИДМ Автомобиль жолдары комитеті мен Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының қолдауымен өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Семинар барысында мердігер ұйымдар мен мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері өңірдегі жол құрылысы мен жолдарды жөндеуге байланысты бірқатар өзекті тақырыпты талқылады.

Жол құрылысында геосинтетикалық материалдарды пайдалану тәжірибесіне негізделген инновациялық тәсілдер, сондай-ақ арнайы қоспаларды пайдалана отырып, топырақты тұрақтандыру және асфальтбетон қоспаларының құрамын жақсарту әдістері қарастырылды.

Сонымен қатар семинар барысында битум-полимер таспасы, битум-полимер эмульсиясы және түйіршікті полимер-модификацияланған битум сынды әлемнің жетекші өндірушілерінің ең заманауи материалдары мен жол құрылыс техникалары ұсынылды.

«Жол саласындағы небір жаңа технологиялар өңірлерге жете бермейді. Қазір жолдардың сапасына ерекше басымдық беріліп, баса назар аударылып отырғандықтан, жергілікті әкімдіктер сала мамандарын оқытуға, сонымен бірге тәжірибе мен ақпарат алмасу мақсатында осындай алаңдарды ұйымдастыруға шынайы қызығушылық танытуда», деп атап өтті Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институтының жол-құрылыс материалдары және жаңа технологиялар департаментінің директоры Әсел Нұғманова.

Өткен айда институт Ақтөбе қаласында осындай семинар өткізгенін айта кеткен жөн. Жиын тақырыбы еліміздің батыс өңірлерінің жолдарында жаңа технологияларды енгізуге арналды.

«Жол мамандары арасындағы өзара байланысты дамыту, әсіресе саладағы кадрлар тапшылығы мәселесі орын алған тұста өте маңызды. Аталған форматтағы жиындарда мамандар өзара пікір алмасады, өзекті мәселелерді талқылайды», деп атап өтті А.Нұғманова.

Сала мамандарының пайымдауынша, мұндай форматтағы жиындардың жол жағдайын жақсарту және қауіпсіздік пен жайлылықты қамтамасыз ету үшін ортақ тиімді шешімдер қабылдау барысында берері мол.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді