Жетісулық полицейлер 15 жыл бойы мемлекетаралық іздеуде жүрген азаматты қолға түсірді, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Жетісу облысы полиция департаментінің жедел уәкілдері Көксу ауданында 51 жастағы ер адамды ұстады. Белгілі болғандай, Қазақстан азаматы 2008 жылдан бері Ресейде есірткі қылмысын жасады деген күдікпен мемлекетаралық іздеуде жүрген.
Жетісу полицейлері Ресей Федерациясының Красноярск өлкесі құқық қорғау органдарының іздестіру өтінішін орындап, оларға күдіктінің орналасқан жері туралы ақпаратты жіберді.
Белгіленген ер адамға қатысты істің барлық мән-жайлары анықталғанға дейін «келу туралы міндеттеме бұлтартпау шарасы таңдалды.