Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда 1116 ғимарат тектоникалық жарықта орналасқан

Алматыда 1116 ғимарат тектоникалық жарықта орналасқан
Фото: liter.kz

Алматы 10 балдық жер сілкінісі болуы ықтимал сейсмикалық қауіпті аймақта орналасқан. Бұл туралы мәслихаттың кезектен тыс II сессиясында қала әкімінің орынбасары Асқар Әмрин айтты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Спикердің сөзінше, Алматыда жылына 300-ге жуық жерасты дүмпулері болады. Жыл басынан бері 44 жер сілкінісі тіркелді. Оның үшеуі қала тұрғындарына сезілді. Мегаполисте 1116 ғимарат тектоникалық жарықта орналасқан. Оның 754-і сейсмикалық төзімді, 362- сі сейсмикалық төзімді емес.
Айтуынша, тектоникалық процестердің белсенділігі ғимараттардың жер сілкінісіне төзімділік нормаларына әсер етеді.

«Осыған байланысты 15 мың азаматтық және қоғамдық ғимараттарды, 1600-ден астам көпқабатты тұрғын үйлерді паспорттауға жергілікті бюджеттен 2 млрд теңге бөлу жоспарланып отыр», - деді Асқар Әмрин Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс VIII шақырылымының екінші сессиясында.


Бұған дейін Ерболат Досаев ғимараттарға сейсмикалық аудит жүргізілетіні туралы айтқан болатын.

Сондай-ақ, ол кеше Бостандық ауданы тұрғындарымен кездесуі кезінде Алматыда әр үйдің кіреберісіне жер сілкінісі кезінде эвакуацияланатын орынның картасы ілінетінін мәлімдеді.

Еске салайық, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Сейсмология институты директорының ғылым жөніндегі орынбасары, физика-математика ғылымдарының кандидаты Нұрсәрсен Өзбеков Алматыдағы жер сілкінісіне қатысты болжам айтқан еді.

Маманың сөзінше 2023 жылы Алматыда жеті балдан асатын жойқын жер сілкінісі болмайды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты