Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматы облысында бүтін бір ауыл халқы қалаға қатынай алмай отыр

40 мыңнан астам тұрғын қатынап жүрген автобустың аяқ астынан бағыты қысқарып қалған. Сөйтіп елдімекенге кіретін жалғыз қоғамдық көлік көпшілікті қаланың кіреберісіне дейін ғана таситын болыпты, деп хабарлайды kazlenta.kz zakon.kz  сайтына сілтеп.

Жұрт, автобустың санын көбейтудің орнына қысқартып жатқан билік өкілдерінің бұл ісін құптамайды. Ал, атқамінерлердің халық үніне құлақ асар түрі жоқ, деп жазады Информбюро арнасы. 

Ауылға кіретін жалғыз автобустың жүрісін аңдыған тұрғындар қоғамдық көліктің бағытын өзгертуге түбегейлі қарсы. Өйткені бұған дейін Саяхат автобекетіне дейін жеткізетін автобустың енді қаланың кіреберісіндегі Қалқаман ықшам ауданына дейін баратыны халыққа тиімсіз дейді. Осының кесірінен қалаға қатынауымыз қиындады дейді. Күнделікті шығын көбейіп, жететін жерімізге кешігетін болдық деп отыр.

Райымбек ауылының тұрғыны Серік мықтыбаевтың сөзінше, 23 автобус Райымбек, Қырғауылды, Абай ауылдарынан өтетін жалғыз маршрут болған.

Сонымен бірге тұрғындар аялдамаларда автобустарды да тағатсыз күтуге мәжбүр. Күнделікті 4-5 қана қоғамдық көлік шығады дейді. Бірнеше елдімекенді басып өткендіктен кейде орын тапшылығы да байқалады деп отыр және көпшілігі такси ұстап кетуге мәжбүр.

"Қазір біз таксимен қатынап жүрміз. 150 теңгемен. 150 теңгемен алып келеміз, үйімізге 150 теңгемен келеміз. Түсте тағы келеміз мектептен алып кетеміз. Ойлаңызшы күніне 600 теңге."Халима Оразалиева, Райымбек ауылының тұрғыны.

Ал қарашаның күйттеген мәселесіне жауап беру үшін Автопарк басшысы көпшілік жиналған жерге келді. Ол әзірге ешқандай автобусты қоспайтынын айтып, қалалық әкімдіктен бағыт бойынша талаптар қойылғанын жеткізді.

"Саяхатқа дейінгі мәселе магистральға жаңа маршрут күзде ашқан 40 автобус жүріп жатыр. Олар жүріп жатқан соң оптимизация деп бізді қысқартып жатыр. Бізге ауылдың адамдарын шығарып беріңдер, Алтын орда, Қалқаманға дейін деп. Сол үшін ол маршрутты өзгертті олар. Бізге сондай схема берді."Қазыбек Жарасбаев, автопарк басшысы.

Ал 47 мыңнан астам тұрғыны бар Райымбек ауылдық округінің халқы қоғамдық көліктің жетіспеушілігінен қалаға қатынау үлкен уайым болды дейді. Жиналғандар 23 автобус бұрынғы бағыты бойынша жүрісін жалғастырса деп отыр. Ал оның нақты қалай шешілетіні енді болашақтың еншісінде. 

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді