"Мемлекет басшысының жарлығымен Асхат Раздықұлы Оралов Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрі лауазымына тағайындалды", - делінген ресми хабарламада.
Асхат Оралов 1990 жылы Павлодар облысында туған. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, СІМ Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар университетін бітірген. Еңбек жолын 2011 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Әлеуметтік тәрбие жұмысы департаменті Жастар ұйымдарымен жұмыс жөніндегі бөлімінің бас маманы ретінде бастады. 2013-2016 жж. — Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Протокол бөлімінің аға маманы. 2014 жылдан 2016 жыл аралығында — "Нұр Отан" партиясының "Нұр" филиалының төрағасының бірінші орынбасары. 2016-2017 жж. — "Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасы" ММ басшысының м.а. 2017-2018 жж. — "Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасы" ММ басшысы. 2018 жылдың қаңтар айынан тамыз айына дейін — Дін және азаматтық қоғам министрлігінің Жастар саясаты департаментінің директоры. 2018 жылдың тамыз айынан 2019 жылдың сәуір айы аралығында Қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасының орынбасары болып еңбек етті. 2019 жылдың сәуір айынан 2020 жылдың 13 шілдесіне дейін Павлодар облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. 2020 жылдың шілдесінде ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметіне тағайындалды. 2021 жылдың шілдесінен 2022 жылдың қаңтарына дейін Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары болды. Ал 2022 ақпанынан "Нұр Отан" (Amanat - ред. ) партиясының атқарушы хатшысы қызметін атқарды.
4-01-2023, 12:54
Мәдениет және спорт министрі лауазымына Асхат Оралов тағайындалды
Мемлекет басшысының жарлығымен Асхат Оралов мәдениет және спорт министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды БОРТ N1 Telegram арнасы.
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз