Францияда Катарда өтіп жатқан футболдан әлем чемпионатында Марокко құрамасымен өткен ойыннан кейін қақтығыстар болып, салдарынан 14 жастағы жасөспірім қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат-қа сілтеме жасаған kazlenta.kz
Басылым RMC Sport БАҚ-ы таратқан мәліметке сүйене отырып, Францияның Монпелье қаласында жергілікті француздар мен этникалық марокколықтар арасында қақтығыстар болғанын, салдарынан 14 жастағы жасөспірім қаза болғанын айтады. Қайғылы оқиға Франция құрамасының жанкүйерлері отырған автокөлікке белгісіз адамдар келіп, терезеде тұрған ұлттық құраманың туына тиісуден басталған. Осылайша көлік иесі орнынан кілт қозғалып, 14 жасар ұл баланы қағып кеткен. Кейін жасөспірімнің алған жарақаттары салдарынан, ауруханада көз жұмғаны белгілі болды.
Айта кетейік, бұған дейін Франциядағы жаппай қақтығыстарға байланысты зардап шеккендер бар екендігі хабарланған еді. Сондай-ақ кеше Франция футболдан әлем чемпионатынан финалға шығып, Аргентина құрамасымен чемпиондық титулға таласатыны белгілі болды.
15-12-2022, 09:38
Франция Әлем чемпионатының финалына шықты
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз