Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Путин мен Тоқаев "үштік газ одағын" құруды талқылады

Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы өзінің Facebook-тегі ресми парақшасында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путиннің Кремльдегі келіссөздері барысында Ресей, Қазақстан және Өзбекстан мүше болатын "үштік газ одағын" құру туралы айтылғанын хабарлады, деп жазады kazlenta.kz 

"Мемлекет басшысының Мәскеуге жасаған сапарына қатысты бұқаралық ақпарат құралдарынан сұрақтар келіп түсіп жатыр. Осыған байланысты Кремльде өткен Қазақстан мен Ресей президенттерінің келіссөзі барысында Қазақстан мен Өзбекстан территориясы арқылы Ресей газын тасымалдау жұмыстарын үйлестіру мақсатында құрамына Ресей, Қазақстан, Өзбекстан кіретін "үштік газ одағын" құру мәселесі қарастырылғанын атап өткен жөн. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин барлық тараптың мүдделерін ескере отырып, осы мәселенің ұтымды шешімін табу үшін үш ел сарапшыларының қатысуымен егжей-тегжейлі келіссөз жүргізу қажет деп санайды", – деп жазды президенттің баспасөз хатшысы. 

Еске салсақ, кеше мемлекет басшысы Ресей федерациясына ресми сапармен барған болатын. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Ресейдің XVIII өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысып, екі ел арасындағы шекаралық өткелдердің өткізу қабілетін кеңейтуді ұсынды. Осыдан кейін президенттер Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путиннің ресми кездесуі өтті. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты