Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қарағанды облысында шахтада болған жарылыс не себепті болғаны анықталды

Биылғы жылдың 3 қарашасына қараған түні Қарағандыда Ленин атындағы шахтада болған апаттың себебі айтылды. Бес кенші қаза болған жарылысқа кінәлі 26 адам анықталған. Олардың арасында "Арселор Миттал Темиртау" комапниясының бас дирикторы Биджу Наир мен көмір департаментінің бастығы Джелсон Батиста да бар. Қазір шетелдік басшыларға тергеу аяқталғанша, елден шығуға тыйым салынды, деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған kazlenta.kz

Арна мәліметінше, арнайы комиссия күдікті деп таныған адамдардың барлығы апат болған жерде газ жарылу қаупінің артқанын жасырып келген. КТК арнасының мәліметінше, апатқа шахтадағы жұмыстың тиісті деңгейде ұйымдастырылмағаны себеп болған. Яғни кеншілер газ мөлшерін анықтайтын құрылғылардың дұрыс жұмыс істемей тұрғанынан бейхабар болған. Сондықтан шахтаны газдан тазалау жұмысын алаңсыз жүргізген.

Бұрғылау кезінде құрылғы металл тіреуштің біріне тиіп, ұшқын пайда болып, соңы жарылысқа ұласқан. Кейінірек бұрғылау учаскесінде желдетілмей толып тұрған көмір шаңы да тұтанған. Компания мен шахта басшылары жарылыс болған жерде газ концентрациясы көп екенін бір апта бұрын білген. Бірақ жұмысты тоқтатпаған. "Апаттан бір апта бұрын ақ метан газының мөлшерден тыс тарағаны анықталды. Басшылық мұны жасырып келген. Тәртіп бойынша жұмыс тоқтап, дегазация және желдету болуы керек еді. Шахталарды газдан тазалау жұмысын жердің бетінен де жүргізу керек.

Үстінен бұрғылау арқылы жиналған газды шығару анағұрлым қауіпсіз. Бірақ ол жұмыс жүргізілмеген. Жер астындағы алақандай учаскеде бұрғылау кезінде қауіп деңгейі қашан да жоғары", - деді Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин. Естеріңізге сала кетейік, Қарағанды облысындағы Ленин атындағы шахтада 3 қарашаға қараған түнде төтенше жағдай орын алып, салдарынан 4 адам қаза тапты. Кейін іздестіріліп жатқан тағы бір адамның денесі табылды. Сондай-ақ, апатқа байланысты мемлекет басшысы марқұмның туыстарына көңіл айтып, зардап шеккен азаматтардың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады