Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қырғызстан президенті төрт министрді қызметінен босатты

Қырғызстанда төрт министрліктің басшысы қызметінен босатылды. Оның екеуі сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікке ілінді. Тиісті жарлыққа ел президенті Садыр Жапаров қол қойды, деп хабарлайды 24.kg ақпараттық агенттігіне сілтеме жасаған kazlenta.kz.

Садыр Жапаровтың өкімімен қызметінен босатылғандар: Қырғыз Республикасы энергетика министрі Досқұл Бекмырзаев; Қырғызстан білім және ғылым министрі Алмазбек Бейшеналиев; Мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрі Азамат Жаманқұлов; Көлік және коммуникация министрі Еркінбек Осоев.

Алғашқы екеуінің үстінен қозғалған қылмыстық істерге байланысты қызметінен шеттетілгені атап өтілді. Айта кетейік, Алмазбек Бейшеналиев 110 мың доллар көлемінде пара алды деген күдікпен ұсталды. Ал Досқұл Бекмырзаевқа қатысты екі қылмыстық іс қозғалған. Басылымның мәліметінше, Азамат Жаманқұлов пен Еркінбек Осоев өз еркімен жұмыстан кеткен. Қазір жоғарғы кеңеске үш жаңа шенеунік ұсынылған. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті