Ср, 16 сәуір 2025
Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстанда ҰҚШҰ Ұжымдық жедел ден қою күштерінің оқу-жаттығулары өтеді

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Біріккен штабының бастығы генерал-полковник Анатолий Сидоров брифинг өткізді. Бейнеконференция байланысы режимінде өткен брифингке ҰҚШҰ-ға мүше елдер қорғаныс ведомстволарының өкілдері қатысты, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Брифинг барысында 2021 жылғы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының қызметі қорытындыланды. Бірлескен іс-шараларда ҰҚШҰ жауапты аймақтарда дағдарыстық жағдайларға ден қою тетіктерін жетілдіруде де, оларды шешуге Ұйымның әскерлерін (ұжымдық күштерін) қолдануда да өте ауқымды міндеттер пысықталғаны атап өтілді. Одан өзге ұлттық контингенттердің ұжымдық қауіпсіздікке төнетін сын-тегеуріндерді бейтараптандыру тапсырмаларын бірлесіп орындау дайындығы да көрсетілді.

2022 жылға арналған Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының жоспарында бірлесіп өтуге тиісті бірқатар шаралар бар. Оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағында барлау күштері және құралдарының «Іздеу-2022» арнайы оқу-жаттығуын, «Эшелон-2022» материалдық-техникалық қамтамасыз ету күштері және құралдары арасындағы арнайы оқу-жаттығуын, Ұжымдық қауіпсіздіктің Орталық Азия өңіріндегі дағдарыстық жағдайды реттеу тапсырмаларын пысықтайтын ҰҚШҰ ұжымдық жедел ден қою күштері арасындағы «Өзара іс-қимыл-2022» командалық-штабтық оқу-жаттығуын өткізу жоспарлануда.

Брифинг барысында ҰҚШҰ форматындағы әскери ынтымақтастықтың айрықша қорғаныс сипаты атап өтілді.

Сөз соңында, генерал-полковник Анатолий Сидоров бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің сауалдарына жауап берді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты