Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қалалар ретсіз, көбінесе жұртшылықтың пікірін ескермей салынуда - Қайырбек Өскенбаев

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Қазақстанның урбанистер қауымдастығымен бірлесіп, "Берекелі бастама" порталын іске қосады. Онда әр азамат өз қаласының инфрақұрылымын жақсарту туралы ұсыныстар айтып, өзекті бастамаларға дауыс бере алады, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен дөңгелек үстел барысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, қалалардың тұрақты өсуі қала кеңістігін қалыптастырудың жаңа тәсілдерін, қала құрылысы регламенттерін нақты сақтауды талап етеді. Бірақ қазіргі уақытта елімізде қалалардың даму перспективалары мен жұртшылықтың пікірі ескерілмей, ретсіз салынуда.

"Мысалы, Алматы тұрғындары құмырысқа илеуі сияқты тым көп адам тұратын үйлерге, елорда тұрғындары демалыс орындары мен әлеуметтік нысандар салмай, ғимаратар өте тығыз бой көтеріп жатқанына шағымданады. Қазір урабанистер мен қала тұрғындарының пікірлерін ескере отырып, қалаларда өзгеріс жасау - өте маңызды. Әр азамат өз қаласын дамытуға қатыса алуы үшін халық пен мемлекет арасындағы диалогқа баса назар аударуымыз керек. Дәл осы мақсатта Қазақстанның урбанистер қауымдастығымен бірлесіп, "Берекелі бастама" дауыс беру порталын іске қосамыз,- деді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі.

Қайырбек Өскенбаев порталда қаланың әр тұрғыны инфрақұрылымды жақсарту бойынша ұсыныстар бере алатынын айтты. Барлық жобаларды урбанистер ғылыми тұрғыдан зерттеп, содан кейін үздіктері дауыс беру порталында жарияланады. Оның қорытындылары бойынша қаржыландыру және іске асырудағы басымдықтар айқындалады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты