Елорданың мониторингтік топтары кәсіпкерлік нысандарына тәулік бойы карантин режимін сақтау тұрғысынан тексеру жүргізуді жалғастыруда. Күн сайынғы рейдтер жүздеген ойын-сауық орны мен сауда объектілерін қамтиды. Оның барысында ондаған бұзушылық анықталады, нақтырақ айтқанда жұмыс кестесін елемеу, маска режимі, келушілердің рұқсат етілген санынан асып кетуі, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.
Өткен үш күнде, 1-3 қазан аралығында елордада 42 мекемеде карантин шектеулерінің бұзылғаны анықталды.
Демалыс күндері Алматы ауданында карантинді елемеген 16 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. "ARIZONA" клубында, "Тhe Dubliner" пабында, "Панаехали", "Home bar", "BRAVO" барларында, "Marrakesh" лаундж-барында, "Эльбрус" саунасында, "Плов центр" асханасында, "SVOY", "Жаным сол" караоке-барларында, "Киш Миш" кафесінде, "Центр плов", "IZMIR", "Анкара", "VOICE" және "Рыба моей мечты" кафелері белгіленген жұмыс режимін елемеді.
Байқоңыр ауданында орналасқан "Ачичук" кафесінде, "Панаехали" барының екі филиалында, "Ирис" барында карантин талаптары бұзылған.
Шектеу шараларын сақтамаудың 13 фактісін Сарыарқа ауданының мониторингтік топтары тіркеді. Олар: "Нирвана", "Эхо", "Оазис" түнгі клубтарында, "New Kino Room" кинозалында, "Жигули бар" кафесінде, "Виртуал", "Respawn" ойын алаңдарында, "Для своих", "Пиваво" барларында, "Кунжут" мейрамханасында, "Щербет" шайханасында, "Восток", "PRO-парься" сауналарында.
Есіл ауданында карантин талаптарын бұзушылар тізіміне 9 мекеме кірді. "Osh", "Золото" мейрамханаларында, "Le club" түнгі клубында, "Janym soul" караоке-залында, "Bombay Grill & More" барында жұмыс режимі сақталмаған. Ал "Ray bar" барында келушілерге тыйым салынған кальян да ұсынылған.
Белгіленген уақыт шектеуіне қарамастан, бірнеше тамақтану орны түн ортасына дейін жұмыс істеді, сонымен қатар келушілердің рұқсат етілген санын бұзды. Тексеру кезінде "Tequila" кафесінде 200 адам, "Zima" гриль-барында 600-ге жуық адам, "Horeca" мейрамханасында 100-ге жуық адам болды.
Тәртіп бұзушыларға қатысты жиналған материалдар тиісті әкімшілік шаралар қабылдау үшін санитариялық-эпидемиологиялық бақылау саласындағы уәкілетті органға берілді.
Айта кету керек, COVID-19 сырқаттанушылық деңгейінің төмендеуіне қарамастан Нұр-Сұлтан эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы бойынша әлі де "қызыл" аймақта қалып отыр. Пандемияны тоқтату және карантинді жеңілдету үшін елорда тұрғындары мен қонақтары вакцинациядан өтіп, санитарлық нормаларды: маска режимін, әлеуметтік қашықтықты, қол гигиенасын қатаң сақтауы тиіс.