Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда әйелді суицидтен құтқарған патрульдік полиция қызметкерлері көтермеленді

Алматыда әйелді суицидтен құтқарған патрульдік полиция қызметкерлері көтермеленді, деп хабарлайды Polisia.kz.

Естеріңізге сала кетейік, патрульдік қызметкерлер Жалғас Бектұров пен Медет Мұсабаев құтқару іс-шарасын бір ай бұрын Алматының Бостандық ауданындағы “Керемет” тұрғын үй кешенінің аумағында жүргізген.

– Таңғы сағат 06:40-та осы тұрғын үй кешенінің пәтерлерінің бірі шу шығарып жатыр деген қоңырау келіп түсті. Осы мекенжайға әріптесім Жалғас Бектұровпен бірге “Буран-153” экипажының құрамында келген кезде пәтер сырттан жабық болды, іштен дауыстар естілді, ал адамдар есікті іштен аша алмай жатты, – деді Алматы қалалық ПД Патрульдік полиция полкінің инспекторы Медет Мұсабаев.

Содан кейін патрульдік қызметкерлер ерікті түрде көмектескісі келген жергілікті тұрғындардың көмегіне жүгінді.

– Таңертеңгі жетіде біз ұйықтап жаттық және айқайды естідік. Әйел айқайлап жатты, ол терезеден секіргісі келді. Полиция келді, алдымен олар біздің тереземізді ашты, сосын оны құтқарды. Әр жақтан жақындау үшін есікті ашуға тырысты, – дейді “Керемет” тұрғын үй кешенінің тұрғыны.

– Біз пәтердің иесін шақырдық, оның артық кілттері бар еді. Бірақ пәтер иесі келгенге дейін қыз терезені ашып, төртінші қабаттағы пәтердің терезесінен секіріп, өзіне қол жұмсамақ болды. Ол желдеткішті ұстап тұрды. Өз-өзіне қол жұмсаудың алдын алу үшін біз бесінші қабаттан тартылған жіптен төмен түсуге мәжбүр болдық. Осылайша, суицидке жол берілмеді. Өз-өзіне қол жұмсамақ болған әйел мас күйінде болған, – деп қорытындылады Мұсабаев.

Ішкі істер Министрі Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен құқық қорғау органдарының қызметкерлері “Құқық тәртібін қамтамасыз етуге косқан үлесі үшін” медалімен көтермеленді.

– Біздің қызметкерлер өздерінің қызметтік міндеттерін ғана емес, азаматтық борыштарын да тамаша орындады: олар орны толмас қайғылы жағдайдың алдын алып, адамның өмірін сақтап қалды. Және бұл факт ұзақ уақыт бойы жас полицейлерге үлгі болады, олардың қызметі әрқашан қауіпсіздіктің мүддесі үшін адалдық пен тәуекелмен байланысты, – деп түйіндеді Алматы қалалық ПД бастығының орынбасары Әбдуәли Нашарбеков.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді