Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі қайта басталды

Астанада ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі қайта басталды
Фото: Астана қ.әкімдігі

Астанада жылдағы дәстүр бойынша елорданың және ел өңірлері тауар өндірушілерінің қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі қайта басталды, деп хабарлады kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Елорданың Сарыарқа ауданындағы Б.Соқпақпаев көшесі, 21 үй жанында ашылған жәрмеңкеге Ақмола, Семей, Түркістан облысының ауыл шаруашылығы саласындағы жеке кәсіпкерлері қатысып жатыр.

«Кәсіпкерлер тауарлардың кең ассортиментін ұсынады, оның ішінде көкөністер, жемістер, сүт, азық-түлік және ет өнімдері бар», - дейді Астана қалалық Инвестиция және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі маманы Нұрдәулет Қосман.Жаңа мекенжай болғандықтан қала тұрғындары әлі үйренісе қоймағанмен, біртіндеп келіп, жәрмеңкеден күнделікті пайдаланатын тағамдарын сатып алып кетіп жатыр.«Әдетте мұндай жәрмеңкелер орталыққа таман ашылатын. Қазір біздің ауданнан ұйымдастырылып, табиғи таза өнімдерді жақын жерден сатып алу мүмкіндігі туып тұр. Қиярдың келісі 450 теңге, қызанақ 500 теңгеден екен, біздегі әлеуметтік базарлардың өзінде бұдан қымбаттау. Қаймақ және шұжықтары да сондай төмен бағада, өзім сол өнімдерді үйде көп пайдаланатын болғандықтан, арзан бағамен көптеу етіп алдым. Біртіндеп бұл жерге бәрі үйренісіп кетер деген ойдамын», - дейді елорда тұрғыны Майгүл Жансейітова.

Айта кетейік, жәрмеңке әр демалыс күндері таңертеңгі сағат 10:00-ден кешкі 19:00-ге дейін жұмыс істейді.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны шыққанын сүйіншіледі
Мультимедиа
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында сөз сөйледі
Мемлекет басшысы БАҚ өкілдерін марапаттады
Ақордада су тасқынымен күреске белсене атсалысқан азаматтарды салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті