Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ұландықтар су басқан аймақтарда бөгеттер салу үшін 1 миллионнан астам қап дайындады

Ұландықтар су басқан аймақтарда бөгеттер салу үшін 1 миллионнан астам қап дайындады
Фото: polisia.kz

Ұландықтар су басқан аймақтарда бөгеттер салу үшін 1 миллионнан астам қап дайындады, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстанның батыс өңірлерінде су тасқыны жағдайы күрделі. Жайық өзеніндегі су деңгейіне тұрақты мониторинг жүргізілуде, азаматтарды хабардар ету және тиісті құрылымдармен теле және радиоқабылдау әр төрт сағат сайын жүргізілуде. Басқа өңірлерден қосымша күштер мен күштік ведомстволардың, оның ішінде ҚР Ұлттық ұланының құралдары тартылады.

Мәселен, мысалы, 6506 әскери бөлімінің (Шымкент қ.) 300 әскери қызметшісі және 5547 әскери бөлімінің (Қызылорда қ.) жеке құрамының 200 адамы Батыс Қазақстан облысында жағалауды нығайту жұмыстарына, қапшықтарды дайындауға және салуға көмектеседі. Ал, 5517 әскери бөлімінің (Орал қ.) 80 әскери қызметшісі патрульдік-бекеттік қызмет атқарады. Тағы 300-ге жуық адам су тасқынына қарсы іс-шараларда жергілікті тұрғындарға көмек көрсетеді. Жалпы, БҚО-да 18 бірлік автокөлікке 900-ге жуық ұландықтар тартылды, оның 11-і әкімдікпен ұсынылды, сондай-ақ Қазақстанның құқықтық тәртіп әскерлерінің бір тікұшағы жұмылдырылды.

Ұлттық ұланның әскери қызметшілері күндіз-түні су басқан аумақтарда қызмет етеді, сондықтан меншіксіз біраз уақыт тұруға мәжбүр болған тұрғындардың үйлерінде мүліктерінің жоғалмауына да қолдарынан келген көмектерін жасауда. Ақтөбе қаласында орналасқан 6655 әскери бөлімінің 400-ден астам әскери қызметшісі Заречный және Кирпичный шағын аудандарында патрульдік-бекеттік қызмет атқарады. Қауіпсіздік мақсатында сарбаздар азаматтарды су басқан үйлерге жібермейді. Жеке құрам тонау әрекеттерін болдырмауға да күш салуда. Бұл бағытта 17 бірлік техника мен Ұлттық ұланның бір тікұшағы тартылды.

Бұдан басқа, Атырау облысында 5546 (Атырау қ.) және 5451 (Қарағанды қ.) әскери бөлімдерінен, сондай-ақ Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының қалалары мен кенттерінен – 6697 (Қостанай қ.) және 6637 (Петропавл қ.) әскери бөлімдерінің әскери қызметшілері, ҚР Ұлттық ұланы Петропавл академиясының курсанттары 570-тен астам ұландықтар тартылды. Оларға елордалық жедел бригада мен авиациялық базадан тәртіп сақшылары көмекке жіберілді. Осы солтүстік аймақтардағы Ұлттық ұланның күштер тобы 400-ден астам адамды, 13 автокөлікті және бір тікұшақты құрайды.

Жалпы, құқық тәртібі әскерлерінің 3 мыңнан аса жауынгері полицейлермен, құтқарушылармен, еріктілермен бірлесіп су тасқынына қарсы іс-шараларға белсенді қатысады. Ұлттық ұланның 6 әуе кемесін – төрт МИ-171Е тікұшағын және екі Y-8 әскери-көлік ұшағын тарту жалғасуда.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны шыққанын сүйіншіледі
Димаш Құдайберген аты аңызға айналған опера әншісімен бірге ән айтты
Әлем жұлдыздары Астанада өткен Қысқы қайырымдылық балын қолдады
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясын өткізді
Олжас Бектенов Nazarbayev University ғылыми әзірлемелерімен танысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Әзербайжанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің бірінші отырысына қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақтың ойындары» халықаралық турнирінің ашылу рәсіміне қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттік жастар кадр резервінің форумына қатысты